«Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Ашық НҚА» порталында орналастыру үшін НҚА жобасына арналған

НЫСАН

 

1.

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бұйрығы (бұдан әрі-жоба)

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

4.

НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Өзгерістер жобасы теміржол жолдары мен теміржол көлігі объектілерін пайдалануға беру саласындағы концессиялық шарттар туралы айтуды болдырмауды көздейді.

Жаңашылдықтарға сәйкес                                    мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) шарттары бойынша теміржол жолдары мен теміржол көлігі объектілерін ұсыну мүмкіндігі сақталатын болады, алайда концессиялық шарттар айтуды тізбеден алынып тасталады.

Осы өзгеріс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану» Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуіне байланысты.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

2025 жылғы сәуір

6.

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

«Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
10 апреля 2025