



Ішкі әкімшілендіру департаменті ағымдағы жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі аппарат басшысының
2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 302 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР ҰЭМ-ге жаңадан қабылданған қызметкерлерге «Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомствосының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Семинарда жаңадан қабылданған қызметкерлерге жоғары тұрған органдарға жіберілетін хаттар, бұйрықтар, қаулылар, заңдар жобалары және т.б. құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеудің ерекшеліктері бойынша кеңестер мен әдістемелік көмек берілді.
Хаттарды ресімдеуге қатысты адресаттың жазылу тәртібі, хаттың құрылымы туралы түсіндірілді. Бұйрықтар, қаулылар, заң жобаларын ресімдеуде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі ерекшеліктер егжей-тегжейлі айтылып өтті. Сонымен қоса терминдерге қатысты мәселелер, Қазтест, құжат айналымы және т.б. туралы түсініктемелер берілді.
Одан әрі қызметкерлерге орыс тілінен қазақ тіліне аудару мысалдары бойынша шағын тестілеу ұсынылды.
Қызметкерлердің семинар барысында қойылған сұрақтарына толық жауап берілді.
Бұл тақырыптағы семинарлар тоқсан сайын өткізілетін болады.