«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларында:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген білім беру және мәдениет кәсіпорындарының бірінші басшыларына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын кәсіпорындардың бірінші басшыларына, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырсын:
«1-2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік кәсіпорындарға электрондық деректер базасына бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жинтығы;
3) «электрондық үкіметтің» шлюзі – «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін «электрондық үкіметтің» өзге ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Республикалық, облыстық және аудандық кәсіпорын басшысының лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның және уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.»;
10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттар қабылдау осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні өткеннен кейін аяқталады.»;
11,12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Үміткердің жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы Комиссияға беріледі.
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген адамдармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік ашық дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.
Ерекше пікірі бар Комиссия мүшелері оны білдірген жағдайда жазбаша нысанда баяндалып, хаттамаға қоса тіркеледі.
Талқылау барысы және Комиссия қабылдаған шешім Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді және тізілімнің веб-порталында орналастырылады.»;
18-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«18. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) мемлекеттік кәсіпорын басшысының кандидатурасын енгізген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған кандидатураны келіседі.»;
23-5-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«23-5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлама тізілімнің веб-порталында, тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма бір күн бұрын жарияланады.»;
23-10 және 23-11-тармақтар мындай редакцияда жазылсын:
«23-10. Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сай келетін екіден кем кандидат конкурстық өтінімдер берсе не конкурстық өтінімдер түспесе немесе қайтарылып алынса, онда уәкілетті орган конкурсты өткізілмеген деп танып қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды және оны тізілімнің веб-порталында жариялайды.
23-11. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ құжат тапсырған тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде, уәкілетті орган құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі тізілімнің веб-порталында жарияланады және уәкілетті орган оны барлық құжаттармен бірге тиісті шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесіне жібереді.»;
23-16-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«23-16. Республикалық комиссия ұсынылған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушымен (қатысушылармен) әңгімелесу өткізеді.
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген адамдармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына кандидат анықталады. Әңгімелесу қорытындысы тізілімнің веб-порталында жарияланады.
Бұл ретте, жоғары оқу орындарында және/немесе білім беруді басқару органдарында басшылық лауазымда жұмыс өтілінің болуы басқа да тең жағдайларда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатты анықтау үшін басым негіз болып табылады.
Егер әңгімелесу нәтижесінде Республикалық комиссия шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатты анықтамаса, онда уәкілетті орган конкурсты өткізілген жоқ деп танып қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды және тізілімнің веб-порталында жариялады.»;
30-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«30. Аттестаттау әңгімелесу нысанында жүргізіледі. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
Аттесталатын басшымен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Аттестаттау комиссиясының шешімдері отырыстарға қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша нысанда баяндалып комиссия хаттамасына қоса тіркеледі.».