Экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар

 

2024 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қызметкерлеріне арналған «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы тұру» және «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарын сақтау» атты тақырыптарына семинар өткiзiлді.

Семинарға ҚР ҰЭМ Әдеп жөніндегі уәкілі Е. Абуов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы басшысы Ж. Долиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің  Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасы  басшысы Б. Манетов қатысты.

Семинар барысында ҚР Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндірді.

Сондай-ақ, Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасы бвсшысы  Б. Манетов пен Дін істері комитеті интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы басшысы Ж. Долиев экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың негізгі ережелерін түсіндірді.

Экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар
Дата публикации
05 июля 2024