«Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 85 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

         Нұр-Сұлтан қаласы                                      город Нур-Султан

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 85 бұйрығына

өзгеріс енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19455 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Дата публикации
10 июля 2020