Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

1.«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде:

                1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

         «1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 – 2021 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – АНК) қаржыландыруының жалпы көлемі – 1 трлн. теңгеге дейін.

  1. ЕДБ-ға және АНК-ге қаражат беру шарттары:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі меншікті қаражаты мен өз басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейін кірістіліктіңқорытынды мөлшерлемелері бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен
1 трлн. теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.

ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды сатып алудың ең жоғары лимиті
104  млрд. теңгеден аспауға тиіс, АКК облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд.теңгеден аспауы тиіс. ЕДБ өз лимиттерін ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.

ЕДБ-ның және АНК-нің тартылған қаражаты мен меншікті қаражаты:

1) 200 млрд. теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу;

2) 500 млрд. теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру;

3) 300 млрд. теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға бағытталуға тиіс.

ЕДБ-мен қатар АНК агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеу жөніндегі басым жобаларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. АНК тікелей кредит берумен қатар, кейіннен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кредиттеу үшін кредиттік серіктестіктерді қорландыруға құқылы.

Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті басқа да агротехникалық іс-шараларды жүргізуге бағытталған жобаларды кредиттеуге жұмсалатын қаражат 100 млрд.теңгеден аспайды.

Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге кемінде 200 млрд. теңге жұмсалады. Осы мақсатта әрбір ЕДБ мен АНК ШОБ жобаларын осы Басым жобаларға кредит беру тетігінде (бұдан әрі – Тетік) белгіленген шарттарда берілген кредиттердің жалпы көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

ЖКС жобаларына ЕДБ мен АНК өз қаражаты есебінен қарыз бере алады, сондай-ақ ЖКС қарыздары үшін қорландыруды қамтамасыз ету не қалпына келтіру үшін облигациялар шығара алады.

Аванстық қорландыру алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты игеру кезеңі ол ЕДБ мен АНК шотына түскен күннен бастап 12 айдан аспауға тиіс.

Берілген қаражаттың нысаналы мақсаты – қызметін өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын ЖКС-ке инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредит беру. Жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға жол беріледі.

Бұл ретте ЕДБ мен АНК айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының 50 %-ынан аспайтын мөлшерін жіберуге құқылы. Бұл шектеу ЕДБ мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті басқа да агротехникалық іс-шараларды жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды. Бұл ретте, көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті басқа да агротехникалық іс-шараларды жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.»;

6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті басқа да агротехникалық іс-шараларды жүргізуге: жұмыс орындарын сақтау/ұлғайту және нақты көлем индексі деңгейін сақтау.»;

басым жобаларды кредиттеу тетігіне қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 67-68,477-бап):

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

көрсетілген ережеге 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты:

Бағдарлама бойынша – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі қаржы агентіне өзара жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенде, өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу менөндіружәне қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қаражат аударуға арналған шарттың (бұдан әрі – шарт) негізінде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты Бағдарлама/Тетік шеңберінде кепілдік беру құралына жіберуге болады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты бөлуді өңірлердің қажеттілігіне қарай дербес жүзеге асырады. Бағдарлама/Тетік шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға кепілдік беруге пайдалануға болады.

Тетік шеңберінде басым жобаларға кепілдік беру кезінде Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенде, өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу менөндіружәне қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қаражат аударуға арналған шарт шеңберінде басым жобаларды субсидиялауға бөлінген қаражат кепілдік сомасының 20 % мөлшерінде қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударылады және шығарылған кепілдіктер үшін төлем болып табылады. Жобаны одан әрі қарау және қаржыландыру Бағдарламада көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.»;

44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, осы Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер бойынша, осы кағидаларға кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша жөніндегі жобалар шеңберінде кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесіне сәйкес: инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) банктер беретін (даму банкін қоспағанда) кредиттер кепілдік беруге жатады.

  1. Өңдеу өнеркәсібі шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі, ол бойынша айналым қаражатының мөлшері жоба сомасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Егер осы кредиттің мөлшері жобаның жалпы кредиттелетін сомасының 50 % аспаса, 100 % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі.

Банктердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу менөндіружобаларын қаржыландыру шеңберінде кепілдік беру қоса алғанда 100 % мөлшердегі айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда) жүзеге асырылуы мүмкін.

Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіріс жобалары бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатында банктердің өз қаражаты есебінен 100% қаржыландыру кезінде тетік шеңберінде іріктеудің мынадай өлшемдері белгіленеді:

өтінім беру сәтінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

салық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздар мен лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатында қаржыландыруға жол берілмейді.

Басқа банктен қайта қаржыландыруға, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.»;

67 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Қаржы агенттігі 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде банктен келіп түскен құжаттарды және кәсіпкерден келіп түскен өтінішті Тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Портфельдік кепілдік беру шеңберінде Тетік шеңберіндегі жобалар қаралмайды.

  1. Қаржы агенттігі құжаттарды қарағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы шешім қабылдайды.

Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда және/немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған кезде қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке анықталған ескертулерді/қосымша құжаттарға сұрау салуды жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.»;

көрсетілген ережеге 2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген ережеге 5-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                   А. Мамин

 

Дата публикации
02 июля 2020