Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының № 23 хаттамасы

Нұр-Сұлтан қаласы                                                     2020 жылғы 25 маусым

 

Төрағалық етті:                                                 Қазақстан Республикасы

                                                                                Премьер-Министрінің

                                                                                орынбасары Р.В. Скляр

 

Қатысқандар:                                   Комиссия мүшелері (тізім бойынша)

 

 

Тәжікстан Республикасына медициналық бұйымдар түрінде ресми ізгілік көмек көрсету мәселесі бойынша

 

2020 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының елшілігі короновирусты анықтау бойынша медициналық тесттер, респираторлар мен өкпені жасанды желдету аппараттары түрінде ресми ізгілік көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді.

Тәжікстан Республикасындағы орын алған жағдайды ескере отырып, ізгілік көмек көрсетудің ықтимал нұсқаларын талқылап және қарастырып,Комиссия Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін «Тыныс» АҚ-дан көлемі 100 дана өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға ақша қаражатын бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісін әзірлеу туралы ұсыныс енгізді.

 

Тәжікстан Республикасына мазут түрінде ресми ізгілік көмек көрсету мәселесі бойынша

 

2019 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атына Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрінен қысқы кезеңде электр энергиясының жетіспеушілігіне және экономиканы күзгі-қысқы кезеңге дайындауға байланысты 10 000 тонна көлеміндегімазут түрінде ізгілік көмек көрсету туралы өтініш хаты түсті.

Комиссия отырысының 2020 жылғы 31 ақпандағы № 20 хаттамасына сәйкес Тәжікстан Республикасына көлемі 10 000 тонна мазут түрінде қайтарымсыз негізде ресми ізгілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

2020 жылғы 17 маусымда Сыртқы істер министрлігі Премьер-Министрдің орынбасары Р.В. Склярдың атына 5000 тонна мазутты ағымдағы жылы (күзде), қалған 5000 тонна мазутты 2021 жылы (күзде) беру туралы хат жолдады.

Жоғарыда баяндалғанға орай және еліміздегі экономикалық жағдайды ескере отырып, Комиссия 5000 тонна мазуттыағымдағы жылдың жылу беру мерзіміне, қалған 5000 тонна көлеміндегі мазутты 2021 жылғы күзде беру жөнінде Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы ұсыныс енгізді

 

Өзбекстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету мәселесі бойынша

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі А.Ұ. Маминның 2020 жылғы 27 мамырдағы № 12-12/2331 тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдарға су апатынан зардап шеккен Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының тұрғындарына ресми ізгілік көмек көрсетудің мүмкін жолдары туралы мәселені қарастыру қажет болатын.

ӨзбекстанРеспубликасындағы орын алған жағдайды ескере отырып, ізгілік көмек көрсетудің ықтимал нұсқаларын талқылап және қарастырып, КомиссияҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік материалдық резервтен:

- 600 тонна жоғары сұрыпты бидай ұны;

- 250 тонна қарақұмық жармасы;

- 100 000 литр өсімдік майы;

- 50 000 құты қойытылған сүт

түрінде Өзбекстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісін әзірлеу туралы ұсыныс енгізді.

 

Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету мәселесі бойынша

 

2020 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Р.В. Скляр Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету мәселесін Комиссия отырысында қарау туралы тапсырама берді.

Ауғанстан Ислам Республикасындағы орын алған жағдайды ескере отырып, ізгілік көмек көрсетудің ықтимал нұсқаларын талқылап және қарастырып, Комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік материалдық резервтен:

  • 500 дана көрпе қап;
  • 50 дана 10 орындық шатыр (қысқы);
  • 500 дана жиналмалы металды кереует;
  • 500 дана матрас;
  • 500 дана жастыққап;
  • 500 дана жастық;
  • 1000 дана төсек жайма;
  • 500 дана көрпе,
  • 500 дана жылы күртке;
  • 500 дана жылы шалбар;
  • 400 дана тоқылған бас киім

түрінде Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы Үкіметтің актісін әзірлеу туралы ұсыныс енгізді.

 

Қабылданған шешімнің негізінде:

 

  1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, ресми ізгілік көмекті қабылдушылардың нақты реквизиттерін анықтасын және екі
    елдің елшіліктері арқылы Қазақстан Республикасының аумағында ізгілік көмекті қабылдау-тапсыру жұмыстарын ұйымдастырсын.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі,Өзбекстан Республикасына, Ауғанстан Ислам Республикасына және Тәжікстан Республикасына мазут түріндересми ізгілік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті актілерін енгізсін.
  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:
  • Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 100 дана көлеміндегі (ӨЖЖ «Кокшетау-3» - 50 дана, ӨЖЖ «Кокшетау-4 П»- 50 дана) өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға ақша қаражатын бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті актісін енгізсін;
  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар түріндегі гуманитарлық көмекті, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға арналған ақша қаражаттарын қабылдау-тапсыру бойынша «СҚ Фармация» ЖШС-ны бірыңғай дистрибьютор ретінде анықтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын шұғыл түрде енгізсін.
  1. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі:
  • Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 100 дана көлеміндегі өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға ақша қаражатын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне бөлуді тездетсін;
  • Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін5000 тонна мазутты ағымдағы жылдың жылу беру мерзіміне, қалған 5000 тонна көлеміндегі мазутты 2021 жылы беруге ақша қаражатын бөлуді жүзеге асырсын.
  • ізгілік жүкті шекаралық рәсімдеумен байланысты процедураларды жүргізуге ықпал етсін.
  1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі, фитосанитарлық сертификатты жедел түрде алуға және гуманитарлық жүкті Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға қойылған шектеуді алуға ықпал етсін.
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ізгілік жүктерді межелі пункке дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамның уақытылы берілуін қамтамасыз етсін.
  3. Сыртқы істер, қаржы, ұлттық экономика, индустрия және инфрақұрылымдық даму,ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау және әділет министрліктері аталған хаттамадан туындайтын шараларды қабылдасын.

 

 

Комиссия төрағасы                                                Р. Скляр

 

 

Комиссия хатшысының м.а.Е. Жәпішев

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 июля 2020