Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекітілген Заң қызметі туралы үлгі ереженің 3-тармағына сәйкес құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысының бұйрығымен 2023 жылғы 17 мамырдағы № 134 бұйрығымен Министрлікте құқықтық жалпы білім беруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес а.ж. 25 мамырда Министрлікте Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтының (бұдан әрі – Институт) бас директоры Сұлтан Дастанбекұлы Алимжановтың қатысуымен «Нормативтік құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасының құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбы бойынша құқықтық жаппай оқыту өткізілді.
Өз сөзінде, Сұлтан Дастанбекұлы нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларына, тәртібі мен мерзімдеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау және анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірлеу мақсатында жүргізілетінін атап өтті. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларынан басқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің жобалары да міндетті тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жасалатынына тоқталды.
Аталған іс-шара Министрліктің және оның ведомствосының барлық қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.