2019 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат

2019 жылғы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат

 

Министрлік әзірлеген және қоғамдық кеңес мүшелерінің қарауына жіберілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты:

2019 жылы Қоғамдық кеңес мүшелері министрліктің нормативтік құқықтық актілерінің 169 жобасын әзірлеуге және талқылауға қатысты.

 

Министрліктің  Қоғамдық кеңес отырыстарына қатысты:

2019жылы Министрліктің Қоғамдық кеңесінің 3 отырысы өтті:

2019 жылғы 27 мамырдағы № 1 хаттаманы орындауға қатысты:

  1. Министрліктің Қоғамдық кеңесінің төрағасы-Ж.Ж. Ертілесова сайланды;
  2. Министрлік қоғамдық кеңесінің хатшысы -А.С. Оразғұловсайланды;
  3. Министрлік Қоғамдық Кеңесінің Төралқасы бекітілді (Р.Е. Дәленов, Ж.Ж. Ертілесова, С.А. Симонов, А.С. Оразғұлов);
  4. Талқылау қорытындысы бойынша Министрлік Статистика комитетінің төрағасы Н.С. Айдапкеловтың «Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесі туралы» ақпараты назарға алынды.

2019 жылғы 24маусымдағы № 2 хаттаманы орындауға қатысты:

  1. ҚР Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 185 Жарлығымен «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы» бекітілді;
  2. ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 990 қаулысымен «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.

2019 жылғы 5желтоқсандағы № 3 хаттаманы орындауға қатысты:

Министрліктің Қоғамдық кеңесі мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Министрліктің Қоғамдық кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы әзірленді.

 

 

 

 

Дата публикации
26 июня 2020