«Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2020 жылға арналған тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 302 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2020 жылға арналған тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
«
|
2 |
Қабанбай батыр даңғылының бойында Тұран даңғылына дейін көлік торабын сала отырып, Салтанат Сарайынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылын қайта жаңарту |
91 699 733,0мың теңге |
2020-2023 |
75 638 000,0мың теңгеге дейін (199 683 202 АҚШ долларына балама) |
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы |
Қытай Экспортты-Импорттық Банкі |
».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин