«Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасына

ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы

Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі

№ 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі
    № 214 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен:

Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 5000 (бес мың) тонна көлемінде бірінші сұрыпты бидай ұнын сатып алуға 647000000 (алты жүз қырық жеті миллион) теңге;

Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 5000 (бес мың) тонна көлемінде бірінші сұрыпты бидай ұнын сатып алуға 675000000 (алты жүз жетпіс бес миллион) теңге бөлсін.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         А. Мамин

 

«Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
11 июня 2020