Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстарын
қысқарту жөніндегі шаралар туралы
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әкімшілік шығыстарын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 3 жыл мерзімге:
1) қозғалтқыш көлемі 2000 текше сантиметрден асатын базалық жиынтығынан жоғары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде шығарылмайтын жеңіл автокөлік құралдарын;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде шығарылмайтын арнайы және жедел-қызметтік автокөлік құралдары (жеңіл автомобильдер базасында);
3) кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салу белгіленсін.
- Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), квазимемлекеттік сектор субъектілері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- 1 тармақтағы 1) және 3) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының қызметін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының және делегациялардың қатысуымен ресми іс-шараларға қызмет көрсетуге, шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдіктері, консулдық мекемелері құрылған жағдайларға қолданылмайды.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин