«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы

5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы
    19 желтоқсанда жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша іске асырылатын Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-сұлтан қаласында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларында үлгілік объектілер салу жөніндегі инвестициялық жобалар бойынша (бұдан әрі – пилоттық жоба) инвестициялық ұсыныстар әзірлеу талап етілмейді.»;

23-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«23. БИЖ-ді жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:

1) пилоттық жобаны қоспағанда, инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізу;

2) ТЭН-ді әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, БИЖ ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;

3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу.»;

3-тарау мынадай мазмұндағы параграфпен толықтырылсын:

«Параграф 6-1. Инвестициялық ұсыныстар әзірлеуді талап етпейтін Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу тәртібі

98-1. Пилоттық жоба шеңберінде іске асырылатын БИЖ-ді сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы орталық немесе жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасына сәйкес құрылыс құнының мәлімделген есептеулерінің негізділігі тұрғысынан қарайды.

98-2. Пилоттық жоба шеңберінде іске асырылатын БИЖ-ді іріктеуді және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығаруды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ББӘ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 66-бабында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырады.

98-3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган пилоттық жоба шеңберінде іске асырылатын БИЖ-ді, ББӘ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген құрылыс құнының растайтын есептерінің болуы тұрғысынан қарайды және олар бойынша қорытындыны бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

98-4. Пилоттық жоба шеңберінде іске асырылатын БИЖ тиісті бюджет комиссиясының бекітілген есебі мен оң шешімі негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі.»;

102-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«102. Құрылыс қызметін болжайтын БИЖ-ге Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары барлау және қарсы барлау салаларында іске асыру жоспарланып отырған жобаларды қоспағанда, жер учаскесіне құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алынып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есептерін қоса бере отырып) қоса беріледі.».

  1. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

___________________

«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
03 июня 2020