«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
қызметтік куәлікті беру қағидаларын және
оның сипаттамасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 5 сәуірдегі № 76-нқ бұйрығының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 76-нқ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13678 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Адами ресурстармен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.