«Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы № 49 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде құқық бұзушылықтар жасаудың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған.»;
2-тармақтың 6), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өрескел бұзушылықтар – жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген тексерулер мен профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың ең көп санына, бiрiншi және екiншi санаттағы рұқсаттарды беруден бас тартудың ең көп санына байланысты, сондай-ақ мемлекеттік қолдау алу үшін мақұлданған өтініштердің санына арақатынаста мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартудың ең көп санына байланысты талаптарды бұзушылықтар;
7) елеулі бұзушылықтар – жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын және өрескел және болмашы бұзушылықтарға жатпайтын талаптарды бұзушылықтар;
8) болмашы бұзушылықтар – жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін елеулі қолайсыз салдардың туындауын болдырмайтын талаптарды бұзушылықтар;»;
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылаудың ерекшелігі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес пайыздық арақатынаста өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілері саны өсімінің ең аз көрсеткіші бар екі өңірде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) бақылау субъектілерін іріктеу жүргізіледі.
Бұл ретте соңғы үш жылда бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылған өңірлердегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) бақылау субъектілері іріктеуге жатпайды.
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған Кодекстің
138, 139-баптарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды;
2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын барлық бақылау субъектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады.
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Субъективті өлшемшарттар бойынша іріктелген өңірлерде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) талдаудың алдындағы жартыжылдықта мыналардың:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында жүргізілген тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың;
2) бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беруден бас тартулардың;
3) мемлекеттік қолдау алуға мақұлданған өтініштердің санына арақатынаста мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудан бас тартулардың ең көп саны болған бақылау субъектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Талданатын кезеңде бақылау субъектілерін іріктеу кезінде бұрын есепке алынған және алдыңғы талданатын кезеңде пайдаланылған бақылау және қадағалау салалары, бірінші және екінші санаттағы рұқсаттар ескерілмейді.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерінің:
1) Кодекстің 138, 139-баптарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2) Заңға сәйкес бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы саласындағы тексеру парақтарының талаптары тексеруге жатады.»;
26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«26. «Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша іріктелген өңірлерде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері санының ең аз өсу себептерін, оның ішінде:
1) кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын шамадан тыс талаптарды;
2) жүйелі сипаттағы бұзушылық фактілерін;
3) кәсіпкерлік қызметті реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтар мен коллизияларды;
4) кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайсыз жағдайларды, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруды анықтау тұрғысынан кешенді талдау жүргізіледі.»;
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы субъективті өлшемшарттар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау субъектілерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тексеру парағы осы бұйрыққа
2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау субъектілерінің бірінші және екінші санаттағы рұқсаттарды беру, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тексеру парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау субъектілерінің мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы тексеру парағы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
|
Р. Даленов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті