«Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығы және «Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 499 бұйрығының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12506 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын;
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
|