«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы

5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша іске асырылатын Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларында үлгілік объектілер салу жөніндегі инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар әзірлеу талап етілмейді.»;

мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

«23-1. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша іске асырылатын Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-сұлтан қаласында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларында үлгілік объектілер салу жөніндегі жобалар іске асырылған жағдайда бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 20-бабының 6-2) тармақшасы негізінде құрылыс және сәулет қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес жобаны әзірлеу;

2) салалық мемлекеттік органдарға бюджеттік өтінімдерді жіберу арқылы тиісті ЖАО-ның жобаға бастамашылық етуі;

3)салалық мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдерін қарау;

4) салалық мемлекеттік органның жиынтық бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізуі;

5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік өтінімді қарауы;

6) республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;

7) «Республикалық бюджет туралы» ҚРЗ және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын дайындау;

8) республикалық бюджет комиссиясының шешімі, «Республикалық бюджет туралы» ҚРЗ және іске асыру туралы Үкіметтің қаулысы негізінде облыстық бюджет комиссиясын және пилоттық жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі мәслихат сессиясын өткізу;

9) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік сатып алу рәсімінің өтуі.».

  1. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

___________________

«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
26 мая 2020