ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ведомстволар мен оның аумақтық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйыммен 2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ведомстволар мен оның аумақтық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйыммен 2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

 

 

Қазіргі уақытта, ҚР Үкіметінің 18.09.2013ж. № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ, Министрлік) құзыретіне 19 мемлекеттік қызмет жатады, оның ішінде Министрлікпен, ведомстволар мен оның аумақтық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйыммен 14 мемлекеттік қызмет, жергілікті атқарушы органдармен 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Бұл ретте, ҚР Үкіметінің 03.09.2018 жылғы № 548 қаулысымен «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту» мемлекеттік қызметі Тізілімнен алып тасталғанын атап өту қажет. Аталған қаулыны ресми жариялау күні 02.10.2018ж.

2018 жыл қорытындысы бойынша Министрлікпен, ведомстволар мен оның аумақтық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйыммен 166 389 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

қағаз түрінде – 18 181 мемлекеттік қызмет:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) – 17 506;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, баламалы негізде қызметті берушілермен – 675;

«Е-лицензиялау» МДҚ арқылы электронды түрде – 148 2018 қызмет.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге негізделген бас тартулардың жалпы саны 592 құрады, оның ішінде электронды түрде - 430. Бас тартудың негізгі себептері - қызметті алушылардан ұсынылған материалдардың толық еместігі, қызмет алушыны лицензия алу үшін ұсынған құжаттардағы дұрыс емес мәліметтер, лицензиялар беру ережесін орындамау, лицензия беру үшін негіз болып табылатын бір немесе одан да көп құжаттарды тоқтату немесе тоқтата тұру, квотаның таусылуы, сондай-ақ қызмет берушіні қате таңдаған өтініштер де түседі, оған байланысты, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберу арқылы қызметті алушыларға дәлелді бас тарту берілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 46 түсіндірме іс-шарасы өткізілді, оның ішінде:

  • Орталық аппаратта – «Мемлекеттік қызметті көрсету» тақырыбында  1 құқықтық жалпы оқыту;
  • ҚР ҰЭМ Статистика комитетінде («АЕО» ШЖҚ РМК) – 33;
  • ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінде – 12;
  • түсіндіру іс-шараларымен 314 адам қамтылған.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 15 қызметкер біліктілікті арттыру курстарынан өткен, оның ішінде:Орталық аппараттың 1 қызметкері, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің 14 қызметкері.

Жүргізілген бақылау іс-шаралары бойынша

1. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 422 бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізіміне сәйкес, аудиттің 7 объектісінде ішкі аудит жүргізілді, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша:

а) 2018 жылғы наурызда «ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де. Аудиторлық іс-шара нәтижесінде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша бұзушылықтар анықталмады.

б) 2018 жылғы маусымда «ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ-де. Аудиторлық іс-шара нәтижесінде мынадай бұзушылықтар анықталды:

  • «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 3-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсетуде есеп берудiң және ашықтықтың қағидатын бұзатын нақты деректермен есеп беру деректерiнiң сәйкес келмеуi;
  • мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеуді үйрету қамтамасыз етілмеген.

Аталған бұзушылықтар үшін аумақтық бөлімшеде 1 қызметкер - бөлім бастығы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

в) 2018 жылғы шілдеде «ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де. Аудиторлық іс-шара нәтижесінде Департаменттің лауазымды тұлғаларымен Мемлекеттік қызмет стандартының талаптарына сәйкес келмейтін жеті материал бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілгені анықталды.

Аталған бұзушылықтар үшін аумақтық бөлімшеде 1 қызметкер – бас маман ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

г) ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы департаментімен РММ 2018 жылғы тамызында. Тексеру нәтижелері бойынша аумақтық департаменттің анықтағаны:- Халықты қамту тұрғысынан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін түсіндіру шаралары жүргізілмейді (қызмет алушылар);

- мүгедектер үшін қажетті жағдайлар, яғни, көршілес аумақта мүгедектер үшін жағдай жоқ. Аумақтық департаменттерімен (баланстаушы) ғимаратта рампаны орнату туралы ЖК «Динаида»мекен жайына 11.09.2018ж № 6-08/1348 хат жолданған. Өз кезегінде, ЖК «Динаида»

2019 жылға арналған үй-жайды жалдау аяқталған кезде орнатылуын қарауға жауап берді.

д) ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Павлодар облысы департаментімен РММ 2018 жылғы тамызында. Аудит тексерісінің нәтижелері бойынша орнатылған аумақтық департаментте мемлекеттік қызметтерді алған кезде мүгедектер үшін қажетті жағдайлар жасалмаған, яғни, ешқандай ұстаушылар, кіре беріс және шығыс көрсеткіштері, дәретхана бөлмесі, брайль шрифті, тактильді құралдар, қоңырау түймесі және т.б. Қазіргі уақытта аумақтық бөлім баланстық ұстаушылармен бірлесіп, мүгедектер үшін қажетті жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

е) ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе  облысы департаментімен РММ 2018 жылғы тамызында. Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді бұзу белгіленбеген.

ж) ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы департаментімен РММ 2018 жылғы  қарашасында. Аудиторлық тексеріс нәтежесінде нәтижелеріне сәйкес, Мемлекеттік қызмет Стандартының талаптары сақталмаса, материалдарды Департаменттің лауазымды тұлғалары қабылдады және мемлекеттік қызмет көрсетілді деп анықталды.

Қызылорда облысы ТМРБТҚҚК аумақтық бөлімшесінде бұзушылықтарды жою туралы шешім Аудиторлық объект 2018 жылдың желтоқсан айында жіберілді, ақпарат беру мерзімі, ақпарат беру мерзімі түспеген. Осыған байланысты қабылданған шаралар туралы ақпарат келесі баяндамамен ұсынылады.

2. Мемлекеттік қызметтердің сапасын мониторингілеу нәтижелері бойынша

1) Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін әзірлеу мониторингі 2018 жылдың ақпан айында жүргізілді, оның нәтижесі бойынша ҚР ҰЭМ ТМРБЖТҚҚК, тізілімге ҚР Үкіметінің 12.10.2017 ж. № 637 қаулысымен енгізілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту» мемлекеттік қызметінің стандарты және регламенті уақытылы әзірленіп және бекітілмеген.

Осы бұзушылық бойынша 2 қызметкер сөгіс түрінде және стандартты және регламентті кешіктіріп бекіту туралы ескертулер түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2) ХҚКО ЫАЖ АЖО «Мониторинг» арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін мониторингілеу аясында, келесілер анықталды:

- «ҚР ҰЭМ ТМРБЖТҚҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – аумақтық Департамент) 2018 жылдың наурыз айында «Мемлекеттiк тiркелiмге табиғи монополиялар субъектiлерiн енгiзу және одан шығару» мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мерзімдерін бұзудың 2 фактісі. Мониторингтің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімдерін бұзу және тиісті бақылауды жүзеге асыру үшін аумақтық бөлімшенің бір қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

- Министрліктің орталық аппартында (сауда қызметін реттеу саласында) 2018 жылдың мамыр айында «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың 1 фактісі. Мониторинг нәтижелері бойынша Министрліктің орталық аппаратының 2 лауазымды тұлғасы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзғаны үшін ескертпе түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды

- «ҚР ҰЭМ ТМРБЖТҚҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – аумақтық Департамент) 2018 жылдың қазан айында «Мемлекеттiк тiркелiмге табиғи монополиялар субъектiлерiн енгiзу және одан шығару» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзудың 1 фактісі анықталды. Жүргізілген мониторингтің қорытындылары бойынша аумақтық департаменттің 1 қызметкері (Департамент басшысы) сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - МҚІСЖІА) және оның аумақтық органдарымен 3 тексеріс жүргізілген:

- 27.06.2018 жылғы № 26 тағайындауды тексеру актісіне сәйкес, бұдан бұрын 2018 жылғы мамыр айында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мониторингілеу аясында Министрліктің Ішкі аудит департаментімен анықталған бұзушылықтың 1 фактісін растады. Аталған тексеру нәтижесінде МҚІСЖІА 1 лауазымдық тұлғаға қатысты 10 АЕК түрінде әкімшілік жауапкершілік шарасы қабылданды.

- МҚІСЖІА Астана қ. бойынша департаментінің 23.05.2018 жылғы № 50 тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес, «ҚР ҰЭМ ТМРБЖТҚҚК Астана қ. бойынша департаменті» РММ-де (бұдан әрі – аумақтық Департамент) «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша дәйекті бас тартудың бекітілген мерзімін 1 жұмыс күніне бұзу фактісі анықталды. Нәтижесінде аумақтық департаменттің 1 қызметкері ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды

- Агенттіктің Алматы қ. бойынша департаментінің жүргізген тексеруіне сәйкес, «ҚР ҰЭМ ТМРБЖТҚҚК Алматы қ. бойынша департаменті» РММ-де «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызметі бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін 1 жұмыс күніне бұзу фактісі анықталды. Аталған тексеру нәтижесінде МҚІСЖІА Алматы қ. бойынша департаментімен 1 лауазымды тұлғаға 5 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік шарасы қабылданды.

 

 

Дата публикации
07 февраля 2019