1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Іс-шаралар жоспарының уақтылы және тиісінше орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға тиіс.
Министр Р. Дәленов