ҚР Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтың
халыққа жыл сайынғы есеп беру кездесуі бойынша
анықтама
Бұл кездесуге жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, Министрліктің Қоғамдық кеңесі өкілдері қатысты.
Кездесу барысында азаматтар 2016 жылдың қорытындысы бойынша Министрлік қызметінің нәтижелері және ағымдағы жылғы міндеттер туралы хабардар етілді.
Қатысушылардың жалпы саны 1206 адамды (оның ішінде: Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» - 579 адам, өңірлерде - 627 адам) құрады.
Бейнеконференциялық байланыс режимінде елдің барлық өңірлері қосылды.
Бұдан басқа, жоғарыда аталған кездесу халықпен тікелей онлайн- трансляция арқылы www.bnews.kz сайтында жүргізілді.
Кездесу барысында 13 сұрақ қойылды, оның ішінде: залдан – 10, Министрліктің www.economy.kz ресми интернет-ресурсынан – 3 сұрақ. Министр 11 сұраққа жауап берді, 2 сұраққа Министрлік белгіленген мерзімде ресми түрде жауап беретін болады.
2017 06 23 Доклад перед населением-казакша
ҚР Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменовтің есеп беру кездесуінде
тұрғындар көтерген мәселелер
|
№ |
Сұрақтар |
Жауаптар |
|
1. |
Министр мырза, Президент өзінің Жолдауында кәсәпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік-жекеше әріптестікке қатысты зор әлеует туралы айтты. Бұл тетікті енгізудің нәтижелері бүгінде бар, мәселен, бәріміз көріп отырмыз, мемлекеттің қолдауының арқасында барлық елде көптеген жаңа жекеменшік балабақшалар ашылып жатыр. Айтыңызшы, мемлекеттік-жекеше әріптестік тетігін одан әрі дамыту үшін қандай шаралар қабылдануда?
|
Қазіргі уақытта, тұтас алғанда, МЖӘ дамытуды жандандыру үшін мыналар жасалуда: Біріншіден, МЖӘ жобаларын әзірлеу мен жоспарлау үдерісін жеделдету үшін өңірлік деңгейде әкімдіктер құжаттамалардың типтік түрлерін белсенді түрде пайдалану және жеңілдетілген конкурстық рәсімдеулерді қолдануды жоспарлауда. Екіншіден, ЖАО МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиті 351,1 мдлрд.теңгеден (2016 жылы) 612,1 млрд.теңгеге дейін (2017 жылы) ұлғайды. Жаңа әдіс ЖАО-ға өткен жылға қарағанда, МЖӘ жобаларын 2 есе көп жоспарлауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, жоспарлау рәсімдеулерін оңтайландыру, конкурстық құжаттамалардағы тұжырымдама мазмұнын интеграциялау арқылы жекелеген кезеңдерді алып тастау, республикалық және жергілікті деңгейде келісімдердің жобасын сараптау қажеттілігі туралы талапты жою көзделуде. Аталған өзгерістер жиынтық түрде МЖӘ жобаларының келісу және сараптау мерзімін қазіргі 7 айдан 3 айға дейін (65 жұмыс күні) қысқартуға мүмкіндік береді. Төртіншіден, стандарттық әдіске қосымша көпшілік әлеуметтік маңызды жобаларды («Бағдарламалық» МЖӘ) жоспарлаудың жаңа тәсілін енгізу ұсынылуда. Бюджеттік кодекске және МЖӘ туралы заңға түзетулер енгізу жолымен «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын тарату тетігіне ұқсас МЖӘ схемасын енгізу жоспарлануда. Бұл схема бойынша МЖӘ-ні жүзеге асыру егер мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында жеке әріптесті анықтаудың және МЖӘ келісімін бекітудің ерекше тәртібі қарастырылатын болса, мүмкін болмақ. Бюджеттік заңнаманы жетілдіру аясында МЖӘ жобалары бойынша ең аз дегенде 3-5 жылдық кезеңге ұзақмерзімді тапсырыс мәселесін шешу үшін өзгерістер енгізіледі. Сонымен қатар, өңірлердегі МЖӘ жобаларының санын көбейту мақсатында МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимитін, оның ішінде концессияны анықтау әдістемесін жетілдіру жоспарлануда. |
|
2. |
Саламатсыз ба! БАҚ-та еңбекақы туралы қарама-қайшы ақпараттар жиі шығады. Сіздер шын мәніндегі жағдайдан мүлде бөлек нәрсені айтасыздар.
|
Сатистика органы жариялаған орташа айлық жалақы туралы ақпарат тұтас алғандағы еліміздегі бір жұмысшыға төленген еңбекақының орташа көлемін көрсетеді. Бұл мәліметтерді Статистика комитеті кәсіпорындардан алынған мәліметтер негізінде, кәсіпорындардың төленген еңбекақы қоры сомасын кәсіпорындар жүұмысшыларының жалпы санына бөлу жолымен құрайды. Әдетте, әрбір жұмысшының еңбекақысының көлемі біліктілігі, еңбегінің сипаты, жұмыс өтілі және басқа да бірқатар факторларға байланысты түрліше болады. Бір кәсіп, лауазымдағы жұмысшылардың еңбекақысы әртүрлі кәсіпорында бір уақыт кезеңінде бірдей болмауы мүмкін. Сондықтан экономикада түрлі салалардағы жағдайды бағалау үшін орта мөлшердегі есептеу әдістемесін пайдаланады. Орташа көрсеткіштердің есебі елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы, экономикада орын алып отырған үдерістер туралы жалпы жағдайды білу үшін қажет. Бұл орташа мөлшерлеме әдістемесі көптеген елдердің статистикалық қызметінде пайдаланылады және елдер арасында салыстыру жасауға мүмкіндік береді. Статистика комиетінің орташа айлық жалақы туралы мәліметтерді халықаралық әдістемеге сәйкес, барлық үстеме ақы, үстеме, сыйақы, салықтық және зейнетақы аударымдарын есептей отырып, құрайтындығын атап өткен орынды. |
|
3. |
Министр мырза, өз сөзіңізде Ұлттық экономика министрлігінің жаңа Салық кодексі жобасын әзірлеп жатқандығын және жаңа Салық кодексінде болжанып отырған маңызды өзгерістер барлығын атап өттіңіз. Жаңа Салық кодексі қашан бекітіледі және күшіне енгізіледі? |
Жаңа Салық кодексі 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін бекітілуі тиіс. Сондықтан біз онымен жұмыс істедік, бүтін бір құжатты құрастырып шығардық. Жаз ішінде біз оны мемлекеттік органдармен және Үкіметпен келісуіміз және Парламенттің күзгі сессиясында Парламент мәжілісіне енгізуіміз қажет. Одан әрі осы сессия кезінде пысықтап және а.ж. желтоқсанда Мемлекет Басшысының қол қоюы үшін жіберуіміз керек.
|
|
4. |
Біз үнемі мемлекеттің бизнеске біршама көп жеңілдіктер мен босаңсулар беріп жатқандығын естиміз. Бірақ, іс жүзінде көп преференцияларды ірі бизнес, мәселен, инвесторлар алады. Ал жергілікті орта және шағын бизнес ше? Мемлекет басшысы айтқан бизнес шығындарының фронтальдық төмендетілуі бойынша тапсырмасы қай деңгейде?
|
Жолдауды жүзеге асыру үшін біздің тарапымыздан бизнес шығындарының барлық түрі бойынша фронтальдық төмендету жұмыстары жүргізілуде, бұл жерде энергетика, көлік, логистика және ТКШ қызметінің құнына назар аударылып отыр. Әзірленген әдістемелік тәсілдердің негізінде (әңгіме ЕО елдерінде кеңінен қолданылатын Стандарттық шығындар моделін(StandardCostModel) қолдану туралы болып отыр), кәсіпкерлердің арасында ауқымды сауалнама жүргізілді. Сауалнама көрсеткендей, негізгі өндірістік емес бизнес шығындарының ішінде табиғи монополиялар (техникалық шарттарды беру) және квазимемлекеттік сала (түрлі рұқсаттар) субъектілері көрсететін қызмет алумен, қаржыландыруға және мемлекеттік тапсырыстарға, сертификаттарға, айыппұл төлеуге және басқаларға қол жеткізуге байланысты ұсталымдар бар. Қазіргі уақытта сауалнама мәліметтерін талдау, ұсталымдарды монетизациялау және оларды қысқарту бойынша сәйкес ұсыныстарды әзірлеу жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі жыл соңына дейін «Кәсіпкерлік қызмет әрекетін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әзірленген Заң жобасын қабылдау болып табылады. Заң жобасын қабылдау бизнестің өндірістік емес шығындарын кең көлемді қысқартуды, ресурстарды үнемдеуді, еңбек өнімділігін арттыру мен бизнес-климатты жақсартуды қамтамасыз етеді. |
|
5. |
Қазақстан Президенті экономикалық даму қарқынын азайтпауды тапсырды. Қандай шаралар қабылданады? Экономикалық өсім ненің есебінен қамтамасыз етілмек?
|
2017 жылдың басынан бері ІЖӨ өсімі 4,1%-ға өсті. Сонымен бірге, біздің есебімізше, шикізаттық саланың үлесі (ауыл шаруашылығы, көмір мен лигнит, мұнай мен газ өндіру) 1,4 пайыздық тармақты құрады, бұл кезде шикізаттық емес саланың үлесі (өңдеу, құрылыс, қызмет көрсету және басқалар) 2,4 пайыздық тармақты құрады. Осылайша, экономиканың өсімі 2017 жылдың басынан бері көбіне-көп шикізаттық емес саланың есебінен қамтамасыз етілді деуге болады. Сонымен бірге, экономиканың тұрақты және үдемелі өсімін қамтамасыз ету үшін ортамерзімдік перспективада біздің тарапымыздан өсімнің жаңа моделі құрылуда. Біз әсіресе, өңдеу және қызмет көрсету салаларында еңбек өнімділігін арттыру үшін экономикалық салаларды технологиялық жаңғыртуды көздеп отырмыз. Жеке сектор үдемелі дамудың негізі болмақ. Бұл үшін шағын және орта бизнес үшін барынша қолайлы орта қалыптастыру үшін шаралар жүргізілуде. Мәселен, қазіргі уақытта жаңа Салық кодексі дайындалып жатыр, оның мақсаты қолданыстағы салықтық режимдерді оңтайландыру және икемді, айқын салықтық жүйе құру болып табылады. Сонымен бірге, Үкіметтің жүргізіп отырған құрылымдық реформалары экономиканың дәл шикізаттық емес салаларын қолдайды, мемлекеттіктен гөрі жеке бастамаларды және тікелей жобалық қолдаудан гөрі жалпыжүйелік шараларды қолдайды. Сонымен қатар, отандық кәсіпорындарды ішкі нарықта қолдаудан гөрі олардың сыртқы экспорттық нарықтарға бағдарлануын қолдауға назар аударылып отыр. Жақын перспективада Қазақстанның дәстүрлі экспорттық тауарларына сыртқы баға конъюнктурасының аса қатты өзгермейтіндігін есепке алсақ және құрылымдық реформалар бойынша экономиканың қайта өңдеу, аграрлық және сервистік салалары ІЖӨ үдемелі өсімін қамтамасыз ете отырып, экономикалық дамудың негізгі көзіне айналмақ. |
|
6. |
Құрметті Тимур Мұратұлы! Өзіңіз министр болып келгелі, жақсы ұсыныстар әкеліп жатырсыз. Соңын бірі – «идеялар жәшігі». Әлеуметтік желіде белсенді талқыланды. Көбіне қандай ұсыныстар түсіп жатыр? |
Ия, біз министрліктің ресми сайты мен әлеуметтік желіде «идеялар жәшігі» деген бастаманы іске қостық. Әсіресе, әлеуметтік желіде қазақстандықтардың тарапынан түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Әрине, бизнес өкілдері де бар. Себебі, ұсыныстардың тең жартысы қазір жаңартылып жатқан Салық кодексіне қатысты. Сонымен қатар, статистикаға да қатысты әр түрлі ұсыныстар келіп жатыр. Ішкі жалпы өнімнің саналу методикасына да қатысты жақсы ойлар айтылып жатыр. Атап өткім келеді, ең басты мақсат – ел экономикасының өсіп-өркендеуіне қатысты халықтың пікірін біліп, ұсыныстарын ескеру. Менің ойымша, бұл өте маңызды. Бұл ой маған отандық экономикадағы қалыптасқан жағдайға өз көзқарасын және оны одан әрі дамыту жолы туралы пайымын әңгімелейтін сарапшылармен, ғалымдармен және жалпы адамдармен кездесудің нәтижесінде келді. Барлық түскен ұсыныстарды министрліктің сарапшылары қарастырып, анағұрлым сындарлы ұсыныстарды өз назарымызға алуға тырысып жатырмыз. Осы сәтті пайдалана отырып, құрметті қауым, барлықтарыңызды ұлттық экономика министрлігінің жұмысына қатысты ой-пікірлеріңіз, нақты ұсыныстарыңыз болса, белсенді түрде жеткізіп отыруларыңзды сұраймыз. |
|
7. |
Қазіргі уақытта елімізде мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқартуға бағытталған ауқымды құрылымдық реформалар жүргізіліп жатыр, сіз осы жұмыстар жөнінде кеңірек айтып бере аласыз ба?
|
Иә, сіз айтып отырғандай, бүгінде Үкіметтің жүргізіп отырған маңызды құрылымдық реформаларының бірі 2020 жылға қарай мемлекеттің ұлттық экономикаға қатысуын ЭЫДҰ-ның көптеген елдеріндегідей ІЖӨ-ге 15%-ға дейінгі деңгейге азайту. 2014 және 2015 жылдардың қорытындысы бойынша ІЖӨ-ге жалпы қосылған құнның арақатынасы ретінде есептелетін мемлекеттің қатысу үлесі сәйкесінше 21,1% және 19,1%-дарды құрады, оның ішінде мол үлес ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларға тиесілі. Тұтас алғанда, 2020 жылға қарай жеке сектор ел экономикасы дамуының басты генераторы болады деп болжанып отыр. Мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту мынадай шараларды жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етіледі: Бірінші. Мемлекетік меншікті жекешелендіру және квазимемлекеттік сектордің активтерін сату. Жекешелендіру мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін азайту мен барлық квазимемлекеттік саланы сауықтырудың негізгі әдісі болып табылады. Мемлекеттік активтерді жеке секторға беру кәсіпкерліктің одан арғы дамуына серпін береді, басқару сапасын және өндірістің тиімділігін арттырады, экономикаға инвестициялар тартуға ықпал етеді, бәсекелстік ортаны жандандырады және жеке бизнес үшін жаңа мүмкіндіктербереді. Екінші. Мемлекеттік меншік құрылымын реформалау. 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары жүзеге асырылғаннан кейін мемлекеттік заңды тұлғаларды комерциялық бағдарланған және коммерциялық емес жүйелендіру жүргізіледі. Бұл реформаның қорытындысында квазимемлекеттік сала субъектілерінің саны айтарлықтай қысқартылады (4 500-ге тарта ұйымды қысқарту күтіледі) деп күтіліп отыр. Үшінші. ҚР Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген «Yellow Pages» принципін жүзеге асыру. «Yellow Pages Rule» принципін енгізу мемлекеттің үлесін бәсекелестік орта қатысатын экономикалық салаларда азайтудың құқықтық негізін бекіту арқылы жүзеге асырылады. «Yellow Pages Rule» принциптерін іске асыру аясында монополияға қарсы орган жыл сайынғы негізде тауарлық нарықтардың түрлі салалардағы бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасайды. Бәсекелестік ортада қызмет жасап тұрған мемлекеттік ұйымдар анықталған жағдайда, бұл активтер де жекешелендіруге ұсынылатын болады. Мысалға алсақ, 2016 жылы жүргізілген талдау қорытындысы бойынша жекешелендіру нысандарының тізбесіне қосымша 137 ұйым кіргізілді. Ұсынылған шаралар мемлекеттің экономикаға қатысуын айтарлықтай азайтады және еліміздегі жеке бастамаларды жандандыруға мүмкіндік береді. Yellow Pages Rules принциптерін одан арғы енгізу, сондай-ақ ЭЫҰД елдерінің ұстанымына сай монополияға қарсы реттеуді либерализациялау бәсекелестіктің және жеке капиталдың дамуын ынталандырады. |
|
8. |
Қазақстанның болашақтағы экономикалық дамуындағы БЖЗҚ ұзақмерзімді қаражаттарының рөлін қалай бағалайсыз? Бұл қаражаттардың сақталуы және табыс әкелуі туралы мәселе туындамауы үшін зейнетақы қаражаттарын инвестициялау тетіктері туралы қалай пайымдайсыз?
|
Экономиканың нақты салаларын қаржыландыру кезіндегі валюталық қатерлерді азайту үшін теңге көздері іске қосылған. Бүгінде ішкі нарықтағы ірі институттық инвестор БЖЗҚ болып табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялаудың мақсаты салымшылардың зейнетақы жинағының сақталуы және инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету болып табылады. 2016 жылдың басынан бері зейнетақы активі қаражаттарын инвестициялау жаңа БЖЗҚ инвестициялық декларациясы аясында жүзеге асырылуда, БЖЗҚ активтерін сенімгерлікпен басқаруды ҚР Ұлттық Банкі іске асырады. Бұл ретте БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау әдісі өзгертілді: БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі маңызды функциялар Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Ұлттық қорды басқару жөніндегі Кеңестің құзыретіне берілді. Мәселен, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 10 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 1 450,0 млрд.теңге сомасындағы БЖЗҚ зейнетақы жинағы 2016 жылы мынадай бағытттарға инвестицияланды: – 350,0 млрд.теңгеге дейін 2016 жылы республикалық бюджеттің дефицитін қаржыландыруға ; – 500 млрд.теңгеге дейін БЖЗҚ портфелін әртараптандыруды қамтамасыз ету және азаматтардың зейнетақы жинақтарының табыстылығын арттыру мақсатында сыртқы нарықтарға инвестициялау үшін шетелдік валютаға конвертациялау. – 600 млрд.теңге өндіріс көлемін сақтау үшін, жұмыспен қамту үшін, кәсіпкерлікті қолдау үшін екінші деңгейлі банктердің (200 млрд.теңге) және ұлттық холдингтердің (400 млрд.теңге) шартталған облигацияларын алуға. Бұл ретте салымшылардың мүддесін ескере отырып, БЖЗҚ зейнетақы активтерін бөлу тек инфляциядан төмен емес нарықтық пайыздық мөлшерлеме жағдайында ғана жүзеге асырылғандығын атап өту қажет. Қаражаттар оңтайлы түрде бөлінді, бұл зейнетақы активтерінен барынша көп пайда табуды қамтамасыз етеді және инвестициялардың сақталуын кепілдендіреді. Инвестициялаудың оң тәжірибесін ескере отырып, 2016 жылы Ұлттық қорды басқару жөніндегі Кеңес отырысының хаттамасымен БЖЗҚ бос қаражаттарын 2017 жылы да инвестициялау туралы шешім қабылданды. Осылайша, 2016 жылдан ауысқан қалдықтарды және «БЖЗҚ» АҚ-ның 2017 жылға болжамдық мәліметтерін есепке ала отырып, «БЖЗҚ» АҚ-ның 1 387 млрд.теңге бос қаражаттары 2017 жылы мынадай бағыттар бойынша бөлінді: - 187 млрд.теңге бюджет дефицитін қаржыландыруға; - 500 млрд.теңге шетелдік валютаға конвертациялауға; - 50 млрд.теңге қазақстандық корпоративтік ОБ және ЕДБ-ге; - 320 млрд.теңге теңгеге номиналданған МНҰ облигацияларын шығаруға; - 330 млрд.теңге ТҚЖБ арқылы ЖТҚ қаржыландыру, даму институттары арқылы индустриялық жобаларды несиелеу, оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға 190,0 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 61,3 млрд. теңге және 78,7 млрд.теңге резервке. |
|
9. |
Жаңа Салық кодексі жобасында жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу саласында қандай өзгерістер болжанып отыр?
|
Ортамерзімдік перспективадағы салық саясатының негізгі міндеті инвестицияларды, оның ішінде жер қойнауын пайдалану саласына тарту болып табылмақ. Қазіргі уақытта көптеген ескі кен орындарының қорлары сарқылуда, барланған қорлардың көлемі аз ғана, ал пайдалы қазбаларға әлемдік бағалар төмендеп отыр. Барланған кен орындарының 90%-дан астамына келісімшарт жасалған, яғни, оларда пайдалы қазбаларды өндіру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты, жаңа келешегі зор учаскелерді ашу қажет. Жаңа келісім шарттар үшін жер қойнауын пайдалануға геологиялық барлауға инвестициялар тарту үшін салықтық ынталандырудың жаңа шараларын ұсыну қарастырылуда. Қолданыстағы келісім шарттар үшін салық салудың ағымдағы режимін сақтау ұсынылады. Олар үшін ПҚӨС төменгі ставкаларын қолдану үшін кенорындарын тиімділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, суландырылған, аздебиттік және таусылған және кен орнының терңдігі бойынша қосымша өлшемдер санатына жатқызу бойынша тікелей әрекет ететін нормалар енгізу қарастырылуда. Теңіз және терең мұнай кен орындары үшін аранйы салықтар мен жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерінің орнына қаржылық нәтижеге салық қолдану бойынша преференциалық салық режимін ұсыну жоспарлануда. Қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін геологиялық барлауды ынталандыратын жалдық төлемдер тетігін енгізу қарастырылып отыр. Сондай-ақ, табысты барлауды ынталандыру мақсатында коммерциялық табудың бонусын алып тастау жоспарлануда. |
|
10. |
Бизнес үшін есептілік тізбесін азайтатындығы туралы бірнеше мәрте айтылды. Бұлардың бәрі қашан болады және есептілік қаншалықты қысқартылады? |
Бүгінде бизнестің беретін есептілігінің 1200-ден астам түрі бар. Сонымен қатар, бұл жерде тек бір кәсіпорын ғана 1200 есептілік түрін тапсырмайтындығын түсініп алуымыз керек, яғни, сақтандыру ұйымы Ұлттық банкке қандай да бір өзіне тән есептілік береді, жер қойнауын пайдаланушылар өзіне тән есептілікті Энергетика министрлігіне береді. Тұтас алғанда есептілік базасы – бұл әрине статистикалық есептілік, өндіріс тауарлары туралы есептілік, еңбек туралы, кадрлар туралы, салықтық міндетті есептілік және кадрлық есептілік, біз еңбек жөніндегі комиссияны міндетті түрде тапсырамыз, әскери міндеттілер бойынша да құрамы бойынша да және т.б. Мұның сыртында, құжаттардың біздің көзқарасымызша, яғни Статистика комитеті немесе басқа да мемлекеттік органдар құрастыратын мәліметтер базасында қосарланатын бірнеше түрі бар, бірақ сонымен бірге салалық ведомствалар бұларды талап етуді жалғастыруда. Осы жерде біз есептіліктің осы түрлерін қысқарту қажет екендігін көріп отырмыз: бірінші – қосарланатындары алынбауы тиіс, егер есептілік Статистика комитеті арқылы тапсырылса, екінші, егер бұл электрондық түрде болған болса, оны да сұратудың қажеті жоқ. Біздің талдауымыздың түйіні мынада, біз есептілікті 30%-ға қысқарта аламыз. Бұл жерде есептіліктің бір жағынан зор ауыртпалық екенін, екінші жағынан мемлекеттік саясатты, мемлекеттік реттеуді құру екенін түсінуіміз қажет, бірақ тұтас алғанда қандай да бір қозғалыс статистикасыз мүмкін емес. Статистиканың дұрыстығы мен заманауилығы және бизнеске ауыртпалықтың арасындағы балансты бізге әзірлеп шығу қажет. Біз егер 800 құралға дейін қысқартсақ, бірінші кезеңде бұл жаман болмаған болар еді. Бұл жұмыстарды біз ағымдағы жылдың соңына дейін кәсіпкерлік әрекетті жетілдіру мәселелері жөніндегі бірыңғай заң жобасы аясында жасағымыз келеді. |
|
11. |
Саламатсыз ба! Менің ата-анам Астана қаласына жақын жердегі ауылда тұрады. Біз ауылдар деңгейінде дербес бюджетті енгізу жоспарланғандығын естідік. Осы бастаманың мағынасын түсіндіріңізші. Қаржыны бақылау қалай асырылады? Бюджет қалай құралады? Ауылдарда оны неге жұмсауға болады? Мұның ауылдардың жағдайын жақсартуға септігі тие ме? |
Бізде жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту саясаты іске асырылуда, яғни, біірқатар функцияларды орталықтан облыстарға, облыстардан аудандарға, аудандардан ауылдарға береміз. Функцияларды бере отырып, құралдарды да құру керек, қаржыландыруды да беру қажет, олардың көмегімен осы функциялар орындалады. Сондықтан да жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту туралы заң жобасы әзірленіп отыр. Қазірде ол Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Жақын күнде ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысы өткізілуі тиіс, сонл кезде оны мақұлдайды деп үміттенеміз. Бюджеттің төртінші деңгейі бұл салықтың 6 түрі, олардың бір бөлігі мүлік, жер, көлік салығы, ЖҚС, төлем көздеріне салынбайтын салық, жарнама үшін төлем, абаттандыру, көгалдандыру ережелерін бұзғандарға әкімдер салатын айыппұлдар және т.б. яғни, оларда белгілі бір табыстық база құрылатын болады. Шығын базасы бұрынғыдай болып қалады, яғни, ауыл әкімдерінде 19 бюджеттік бағдарлама бар. Олар негізінен, өз ауылдарына, өз ауылдық округтеріне нақты байланған. Бұлар көгалдандыру, жолдарды жөндеу және күту мәселелері. Осындай сипаттағы шығындар қазіргі Бюджеттік кодексте де бар, солай болып та қала береді. Тек енді, өздерінің жеке бюджеттері мен табыстық базалары болғандықтан, олар бюджетті бұрынғыдан гөрі дұрыс жұмсай алады және айтатын болсақ, жөндеу туралы шешімді өз деңгейінде шеше алады. Сонымен бірге, бюджетті ауыл әкімінің немесе ауылдық округтің аппараты жасайтын болады, яғни, олар бюджетті жергілікті өзін өзі басқару жиналыстарында жасайтын болдаы, яғни, шартты түрде ауылдың немесе аудандық маңыздағы қаланың өкілетті органы болып табылады. Олар тұсаукесерлер жасап, мақұлдау алады. Бұдан соң, аудандық маңыздағы қала немесе ауыл бюджеті түпкілікті түрде аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Ауылдың толыққанды өкілетті органы болуы мүмкін болмауы себепті, бюджетті бекіту аудандық деңгейде жүргізілетін болады. Содан соң оны одан әрі пайдалану ауыл деңгейінде жүзеге асырылады. Бюджетті бақылау бюджеттің басқа түрлерін бақылау секілді болады, яғни Мемлекеттік аудит комитеті, Есеп комитеті және т.б. Осылардың барлығы ауыл өмірін жақсартады, әкімдерге көп дербестік береді, олар өздерінің жеке табыстық базаларын құруға мүдделі болады, себебі олар тапқан ақша солардың өзінікі болмақ. Ал қазірде оған бірдеме істеу үшін ауданнан барып ақша сұрауға тура келеді. Сәйкесінше, мұндай жағдай оны ынталандырмайды. Жаңа әдістеме бойынша ол есепті жақсырақ жүргізетін болады, бизнеске де, азаматтарға да ықыласпен қарайды. Бұл ауыл әкімдері үшін азаматтарға жақсылықтар жасау үшін жақсы бір түрткі болмақ. |
|
12. |
Жекешелендіруден қанша түсім түседі деп күтіліп отыр? Барлық жекешелендіріліп жатқан компаниялар мемлекет қаржысына құрылғандықтан, жекешелендіруден түскен қаражат қайда бағытталады?
|
Республикалық меншікті жекешелендіру мен ұлттық басқарушы холдингтер құрамына кіретін активтерден күтілетін табыс 4-тен 47 миллиардқа дейінгі АҚШ долларын құрайды, түсімдердің көлемі сауда нәтижелеріне байланысты. Инвесторлар, әрине, негізінен «Самұрық-Қазына» Қорының 46 ірі активіне қызығушылық танытып отыр, олардың 7-еуі IPO/SPO арқылы сатылады. IPO стратегиясы бойынша қабылданған шешімдерге орай, Қордың ірі компанияларынан күтіліп отырған түсімдер 3,5 млрд. АҚШ долларынан 5,5 млрд. АҚШ долларына дейін болуы мүмкін. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде жекешелендіруден түсетін қаражатқа қатысты оларды Ұлттық қорға бағыттау бойынша шешім қабылдауға тапсырма берді. Бұл тапсырманы орындау үшін Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңға жергілікті өзін өзі басқару туралы заң жобасы аясында сәйкес өзгерістер енгізіледі. Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектордағы әрбір субъектінің экономикалық жағдайы әртүрлі. Осыған байланысты, жекешелендіруден түскен қаржыны алу ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда әрбір активтің қаржылық тұрақтылығын ескеру тұрғысынан жеке-жеке қаралады. |
|
13. |
Бүгінде, «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына тұрғын үйге бюджеттік несие беріледі. Дегенмен, бөлінген қаражат мамандарды қолдауға жетпейді. Бұл мәселе қалай шешімін таппақ? |
Расында да, бұл мәселе маңызды және оның шешімі бюджеттік қаражатты барынша көп бөлген жағдайда мүмкін болмақ. Қазіргі уақытта 2017 жылғы бюджетте 3 232 маманға бюджеттік несие беру үшін 11,0 млрд. теңге қарастырылған, бұл өткен жылғыдан 3,0 млрд. теңгеге көп. 2018-2020 жылдарға республикалық бюджетті құру аясында Ұлттық экономика министрлігі мамандарға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға қосымша қаржы бөлу мәселесін қарауда. |