«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2019 жылғы 15 тамыздағы № 1-НҚбұйрығына өзгерістер енгізу туралы
көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114 үй.»;
көрсетілген бұйрыққа 10-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 208 үй, 5-қабат».
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз жеткізгіште және электронды нысанда қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жәнеҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамытукомитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
3) оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту комитетінің төрағасы Р. Ахметов