«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы
8 ақпандағы № 42 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесінде 9) тармақшадағы «тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады.» деген сөздер «тұлға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) коммерциялық емес ұйымдардан қайырымдылық көмек алатын тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |