Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2. ЕДБ-ға және АНК-ге қаражат беру шарттары:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі меншікті қаражаты мен өз басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейін кірістіліктің жиынтық мөлшерлемелері бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 1 трлн. теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.
ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.
Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды сатып алудың ең жоғары лимиті 104 млрд. теңгеден аспауға тиіс, АКК облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд.теңгеден аспауы тиіс. ЕДБ өз лимиттерін ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.
ЕДБ-ның және АНК-нің тартылған қаражаты мен меншікті қаражаты:
1) 200 млрд. теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу;
2) 500 млрд. теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру;
3) 300 млрд. теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға бағытталуға тиіс.
ЕДБ-мен қатар АНК агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеу жөніндегі басым жобаларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. АНК тікелей кредит берумен қатар, кейіннен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді кредиттеу үшін кредиттік серіктестіктерді қорландыруға құқылы.
Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды кредиттеуге жұмсалатын қаражат 100 млрд.теңгеден аспайды.
Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге кемінде 200 млрд. теңге жұмсалады. Осы мақсатта әрбір ЕДБ мен АНК ШОБ жобаларын осы Басым жобаларға кредит беру тетігінде (бұдан әрі – Тетік) белгіленген шарттарда берілген кредиттердің жалпы көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
ЖКС жобаларына ЕДБ мен АНК өз қаражаты есебінен қарыз бере алады, сондай-ақ ЖКС қарыздары үшін қорландыруды қамтамасыз ету не қалпына келтіру үшін облигациялар шығара алады.
Аванстық қорландыру алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты игеру кезеңі ол ЕДБ мен АНК шотына түскен күннен бастап 12 айдан аспауға тиіс.
Берілген қаражаттың нысаналы мақсаты – қызметін өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын ЖКС-ке инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредит беру. Жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға жол беріледі.
Бұл ретте ЕДБ мен АНК айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының 50 %-ынан аспайтын мөлшерін жіберуге құқылы. Бұл шектеу ЕДБ мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды. Бұл ретте, көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.»;
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге: жұмыс орындарын сақтау/ұлғайту және нақты көлем индексі деңгейін сақтау.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин