«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына мониторинг жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссияның төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы болып табылады (конкурсты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болған жағдайда – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес).
Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілі болып табылады.
Комиссияның құрамына мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті (жобаны іске асыру деңгейіне қарай) уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
Бұл ретте, егер МЖӘ жобасында мемлекеттік міндеттемелер көзделмеген жағдайда комиссияның құрамына бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның өкілін қосу міндетті емес.
Конкурсты ұйымдастырушы жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар болған жағдайларда Комиссия құрамына сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органының өкілі (өкілдері) кіреді.
Комиссия құрамына өзге мемлекеттік органдары, ұйымдарды кіре алады.
Комиссияның жұмыс органы конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.»;
132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«132. Уәкілетті тұлғаның қорытындысында МЖӘ жобасын іске асыру қажеттілігі айқындалған жағдайда, уәкілетті тұлға (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы) әлеуетті жекеше әріптестің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында қорытынды дайындалған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде немесе, егер жоба "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамуының 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды көздесе, 1 (бір) жұмыс күні ішінде біліктілік іріктеуін жүргізеді.
Әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы тиісті құжаттарды ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, анықталған сәйкессіздіктердің жойылғаны туралы әлеуетті жекеше әріптесті хабардар етеді. Хабарлама жіберілген күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуін жүргізу мерзімі тоқтатыла тұрады.
Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған не оларды уақтылы ұсынбаған әлеуетті жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтпеді деп танылады.
Біліктілігі бойынша іріктеу нәтижелері әлеуетті жекеше әріптестің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы уәкілетті тұлғаның (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының) қорытындысы түрінде ресімделеді.»;
133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«133. Уәкілетті тұлға МЖӘ жоспарланатын жобасы туралы қысқаша ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (кемінде бір), МЖӘ дамыту орталығының интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді. көрсетілген талаптарды ұсынуы ықтимал жекеше әріптес баламалы ұсыныстарды мүдделілік туралы, оны іске асыру.
Қосымша өзге интернет-ресурстарда және мерзімді баспа басылымдарында орналастыруға жол беріледі.»;
138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«138. Осы кезеңде уәкілетті тұлға (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия) құрады.
Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға (егер тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болған жағдайда – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес) болып табылады.
Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия хатшысы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілі болып табылады.
Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия құрамына тиісті саланың орталық не жергілікті (жобаны іске асыру деңгейіне қарай) уәкілетті органдарының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілдері кіреді.
Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия құрамына өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері кіруі мүмкін.
Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияны жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурстық құжаттама шеңберінде осы параграфта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып құруға рұқсат беріледі.»;
150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын::
«150. МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес енгізген МЖӘ шартының жобасы тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның отырысына шығарылады.
Келіссөздер нәтижелері тараптардың уәкілетті өкілдері және МЖӘ шартының жобасын қоса бере отырып, тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен рәсімделеді.
Егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды көздесе, келіссөздер нәтижелері МЖӘ шартының жобасын қоса бере отырып, тараптардың уәкілетті өкілдері мен тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімделеді.»;
152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«152. Бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган түскен күннен 10 (он) жұмыс күні ішінде немесе егер жоба "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамуының 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды көздесе, 1 (бір) жұмыс күні ішінде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша МЖӘ шартының жобасын келіседі.»;
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«156. Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияның тікелей келіссөздердің нәтижелері туралы шешім қабылдау қорытындылары бойынша тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға (республикалық жобалар бойынша) немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ шарты жобасының келісулер нәтижелерін қоса бере отырып, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін өтінім жолдайды.
МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссияларының қарауына шығару талап етілмейді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті хат ресімдей отырып, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екендігін растайды.»;
162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«162. МЖӘ шартын, оның ішінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда МЖӘ шартын тіркеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның (республикалық жобалар бойынша) не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның (жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің болмауы туралы растайтын хатын ұсынған кезде тиісті бюджет комиссиясының шешімінсіз жүзеге асырылады.»;
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
|
Министр |
|
Р. Дәленов |