«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- Түркістан облысы Мақтаарал ауданының зақымдалған объектілерін қалпына келтіруді қаржыландыру;
- осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин