Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимылы жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында:
- Қоса беріліп отырған Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимылы жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі ˗ Жоспар) бекітілсін.
- Орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасыың Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары ˗ Қазақстан Республикасының Қаржы министріне жүктелсін.
Премьер-Министр А. Мамин