Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2021 жыл – 2 700 000 000 мың теңге;
2022 жыл – 2 600 000 000 мың теңге;
2023 жыл – 2 400 000 000 мың теңге.
2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Қазақстан Республикасының
Президенті