«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 114-нқ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 114-нқ бұйрығына

өзгеріс енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы
    № 114-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12801 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне 2016 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Адами ресурстармен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 114-нқ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
12 мая 2020