Құжатпен Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тармағының 26) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42-тармағына сәйкес қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2019 жылға арналған жоспары бекітіледі.