Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің

мемлекеттік аудит және тәуекелдер

жөніндегі кеңесін құру туралы

 

 

         «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы           12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 102-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.
  3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
  4. Ішкі аудит департаменті осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                               Р. Дәленов

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

         2020 жылғы                       

№           бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің құрамы

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төраға

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі аудит департаменті Тиімділік аудиті басқармасының басшысы, хатшы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің директоры

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары, сыртқы тәуелсіз сертификатталған сарапшы (келісім бойынша)

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

        2020 жылғы                     

№           бұйрығына

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі

кеңесі туралы ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) консультативтік – кеңесші орган нысанында құрылады және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
    2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының және осы Ереженің негізінде әрекет етеді.
  2. Кеңестің қызметін мемлекеттік органның бірінші басшысы болып табылатын, оның төрағасы басқарады.
  3. Кеңестің құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі, оған жауапты хатшы, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволар басшылары, ішкі аудит қызметінің басшысы, мінсіз іскерлік беделі бар, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінің тиісті саласында кемінде 5 жыл өтілі бар сыртқы тәуелсіз сертификатталған сарапшылар кіреді.
  4. Кеңестің шешімі хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

 

 

2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері

 

  1. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) ішкі мемлекеттік аудит мәселелері бойынша туындаған келіспеушіліктерді (мемлекеттік бақылау объектісінің ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізген ішкі аудит қызметтері қызметінің сапасын бақылау және тиімділігін бағалау нәтижелерімен келіспеу туралы қарсылықтары) шешу;

2) құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру, ресурстарды бөлу, ішкі аудитті жоспарлау және жүргізу кезінде ақпараттық жәрдем көрсету мәселелерін қарау;

3) мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша ұсынымдарды, ішкі аудит қызметінің есептерін және осы ұсынымдарды іске асыру мониторингін қарау;

4) уәкілетті органға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметін жетілдіруге бағытталған басқа да мәселелерді қарау болып табылады.

  1. Кеңестің шешімі хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады, сондай-ақ мүдделер қақтығысы қағидатын ескере отырып қабылданады. Кеңес шешімі қол қойылған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Министрліктің интернет-ресурсында жариялануға тиіс.

 

 

3-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Төраға Кеңестің кезекті және кезектен тыс отырыстарын шақырады, отырыс хаттамаларына қол қояды.
  2. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру мәселелері Министрліктің Ішкі аудит департаментінің қызметкері болып табылатын Кеңестің хатшысына (бұдан әрі – хатшы) жүктеледі.
  3. Кеңестің отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі. Өткізу күнін, уақытын және күн тәртібін Кеңес мүшелерінің пікірін ескере отырып, төраға белгілейді.
  4. Кеңес отырыстарының хаттамалары қағаз және электрондық жеткізгіштерде хатшыда сақталады.
  5. Кеңес мүшесі:

1) Кеңес материалдарына қол жеткізе алады;

2) Кеңес отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысады;

3) Кеңес отырыстарында қарауды және талқылауды талап ететін мәселелерге бастамашылық жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

        2020 жылғы                       

№          бұйрығына

3-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

 

  1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі – консультативтік-кеңесші органды құру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 135 бұйрығы.
  2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі – консультативтік-кеңесші органды құру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы
    6 маусымдағы № 237 бұйрығы.
  3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі – консультативтік-кеңесші органды құру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы
    10 қазандағы № 442 бұйрығы.
  4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі – консультативтік-кеңесші органды құру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы
    17 қаңтардағы № 12 бұйрығы.
  5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі – консультативтік-кеңесші органды құру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 тамыздағы
    № 297 бұйрығы.
  6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі – консультативтік-кеңесші органды құру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 258 бұйрығы.
  7. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі – консультативтік-кеңесші органды құру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 135 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы
    № 20 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесін құру туралы
Дата публикации
11 мая 2020