«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
50-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор мен астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияның, қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды және басқа квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет кепілдігімен берілген мемлекеттік емес қарызды өтеу көздерінің бірі республикалық және жергілікті бюджеттерден берілетін төлемақылар (төлемдер) болып табылатын, қарыз алушыдан мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекеттік кепілдік берілгені үшін алдын ала біржолғы төлем (алым) алынбайтын, екінші деңгейдегі банк кепілдігі не сақтандыру шарты берілмейтін, меншікті капиталының болуы талап етілмейтін әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобаларының және (немесе) инвестициялық бағдарламаларының тізбесін бекіту;»;
81), 82), 83) және 84) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«81) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын және даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін әзірлеу;
82) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін әзірлеу;
83) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;
84) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;»;
248-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«248-2) орталық мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдар кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында сараптама қорытындысын алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде орналастырғаны туралы хабарламаны сараптама кеңестеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберу;»;
257) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«257) тауарлардың өзара алмастырылу, оларды сатып алуға қолжетімділік өлшемшарттарын, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемелерді, қаржы ұйымдарына қатысты- қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша;»;
257-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«257-6) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту;»;
324) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«324) рұқсаттар мен хабарламалардың электрондық мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын келісу;»;
339-72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«339-72) квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемдерін келісу қағидаларын әзірлеу;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин