Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

2020-2022 жылдарға арналған

бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

 

            

             2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабының 4-тармағына, «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы»  2020 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.
  2. Экономика және қаржы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 45 бұйрығының күші жойылсын.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                 Р. Дәленов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

бірінші қаржы вице-министрі

____________ Б. Шолпанқұлов

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Дата публикации
06 мая 2020