«Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен есептілігін арттыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 308 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен есептілігін арттыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы
27 желтоқсандағы № 308 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Е.Ж. Қошановтың 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 5786-5 ПАБ тапсырмасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен есептілігін арттыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 308 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен есептілігін арттыру жөніндегі жол картасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2)  осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                        Р. Дәленов

 

 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы            наурыздағы

№   бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің   

                      2020 жылғы  27 желтоқсандағы       

              №     бұйрығымен

                      бекітілген

 

 

 

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану кезінде

 мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен есептілігін арттыру жөніндегі жол картасы

 

      Мақсаты:Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру

      Күтілетін нәтижелер:

  1. Бюджет қаражатын, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған қаражатты тиімсіз жоспарлаунемесе пайдалану фактілерінің азаюы
  2. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны немесе пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер санының азаюы

 

№

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

1

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жүргізетін мемлекеттік аудит қорытындыларын бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтарының профилактикасы үшін мемлекеттік органдарға жіберу

Қаржымині(келісу бойынша),

 

ЕК (келісу бойынша),

 

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары

(келісу бойынша)

тоқсан сайын

ОМО, ЖАО-ға шолу хаттар

 

ОМО, ЖАО-ға шолу хаттар

 

ЖАО-ға шолу хаттар

2

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, ішкі аудит қызметтері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жүргізген мемлекеттік аудит қорытындыларында көрсетілген бұзушылықтарды жою/ профилакикасы  жөнінде шаралар қабылдау

ОМО (келісу бойынша),

ЖАО (келісу бойынша),

мемлекеттік аудит органдарынан шолу хаттарын алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде

анықталған бұзушылықтардыңпрофилактикасы/ жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

3

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына:

мемлекеттік бағдарламалардың нысаналы индикаторларын Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінді стратегиялық даму жоспары Стратегиялық картасының индикаторларымен өзара байланыстыра отырып,нақты декомпозициялауды қамтамасыз ету (Мемлекеттік бағдарлама көрсеткіштерінің картасын енгізу);

мемлекеттік бағдарламаның құрылымына «Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер» бөлімін енгізу;

мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі бөлігінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалауды күшейту (мемлекеттік қолдау алушылардың қарсы міндеттемелері туралы норманы енгізу) бөлігінде өзгерістер енгізу

ҰЭМ, ЕК (келісу бойынша)

2020 жылғы мамыр

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

4

Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды Көрсеткіштер карталарымен толықтыру

 

қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар

(келісу бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

5

Мемлекеттік бағдарламалар Көрсеткіштерінің карталарына сәйкес келтіру мақсатында мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына, ҰБХ, ҰХ,ҰК стратегияларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ОМО (келісу бойынша),

 

 

 

ЖАО (келісу бойынша)

 

ҰБХ, ҰХ,ҰК

(келісу бойынша)

2021 жылғы наурыз айынан кешіктірмей

 

2021 жылғы сәуір айынан кешіктірмей

 

2021 жылғы  

сәуір айынан кешіктірмей

ОМО бұйрықтары

 

 

 

жергілікті өкілді органдардың шешімдері

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары

6

Мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын Республикалық бюджет комиссиясына енгізілгенге дейін ҰЭМ-нің жанындағы мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың негізділігін қарау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырыстарында қарау

мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар

(келісу бойынша)

қажеттігіне қарай

отырыстардың хаттамалары

7

Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны немесе пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер туралы ақпаратты лауазымдар бөлінісінде беру

МҚІА (келісу бойынша), 

ОМО (келісу бойынша)

2020-2021 жылдардың  қаңтары

ҰЭМ-ге ақпарат

8

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын мониторингілеу, бағалау нәтижелерін әзірлеуші мемлекеттік органдардың және оларға мониторинг пен бағалау жүргізуге уәкілетті органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз ету

ОМО (келісу бойынша),

 ЖАО (келісу бойынша)

 

2020 жылғы   желтоқсан

мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы іске асыру туралы есептер, қорытындылар жобалары

9

Мыналарды:

мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және бюджеттік бағдарламалардың нысаналы индикаторларын өзара байланыстыру;

аумақтарды дамыту бағдарламалары мен бюджеттік бағдарламалардың нысаналы индикаторларын өзара байланыстыру процесін кезең-кезеңмен автоматтандыру

 

Қаржымині

(келісу бойынша), ҰЭМ

 

2020-2022 жылдардың желтоқсаны

 

 

Үкіметке ақпарат

 

10

Бюджет қаражатын игеру негізінде бюджеттің атқарылуын талдаудан нақты нәтижелер бойынша талдау мен бағалауға көшу

Қаржымині,

ЕК (келісу бойынша), ББӘ келісу бойынша)

2020 жылғы                маусым

 

Үкіметке ұсыныстар

11

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін бюджеттік өтінімді қабылдағаны үшін жауапкершілігін енгізуді пысықтау

Қаржымині

(келісу бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

 

ПӘ

ұсыныстар

12

Тиісті қаржы жылына жоспарланған нақты нәтижелерге ББӘ-нің қол жеткізу тұрғысынан бюджеттің орындалу нәтижелеріне талдау және бағалау жүргізу

Қаржымині,

ЕК (келісу бойынша),

ОМО (келісу бойынша)

жыл сайын

 сәуір

Қаржымині мен ЕК

ведомстволық бюджет комиссияларына және РБК ұсынымдары

13

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық мақсаттары мен нысаналы  индикаторларына негізделген ББӘ лимиттерін айқындаудың жаңа тәсілдерін енгізуге бағытталған бюджет заңнамасына түзетулер мен толықтырулар енгізу

ҰЭМ, Қаржымині

(келісу бойынша)

2020 жылғы                 маусым

 

заң  жобасы 

14

Бюджет кодексіне түзетулер бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыру мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жанында ведомстволық бюджет комиссияларын енгізуді көздейтін нормаларды енгізу

 

ҰЭМ,  Қаржымині(келісу бойынша)

2020 жылғы                 маусым

 

заң  жобасы

15

Бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару процесін автоматтандыру мақсатында электронды нысандағы  2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік өтінімдерді  жоспарлау және қалыптастыру бойынша автоматтандыру жұмысын  аяқтау

Қаржымині

(келісу бойынша)

2021 жылғы

желтоқсан

 «Бюджеттік жоспарлау» ақпараттық жүйесін пайдалануға енгізу

16

Бюджеттік заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы,  сондай-ақ бюджеттік тәртіпті арттыру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен семинарлар өткізу

Қаржымині,

ЕК (келісу бойынша),

ББӘ (келісу бойынша)

 тұрақты негізде

 

семинар

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ББӘ – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

ӘМ – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

ҚМ – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ОМО – Орталық мемлекеттік органдар

ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

ЕК – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

РБК – Республикалық бюджет комиссиясы

СҚА – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

ҰБХ – ұлттық басқарушы холдингтер

ҰК – ұлттық компаниялар

ҰХ – ұлттық холдингтер

«Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану кезінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен есептілігін арттыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 308 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
05 мая 2020