Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің нормативтік құқықтық актісін ресми түсіндіру актісі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің нормативтік құқықтық актісін ресми түсіндіру актісі

 

  1. Ресми түсіндіру актісінің кіріспе бөлігі:

1) нормативтік құқықтық актінің нормасын түсіндіретін уәкілетті органның атауы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

2) ресми түсіндіру актісінің атауы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау                         (бұдан әрі – Қағидалар), жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына мониторинг жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын  171-17,171-20-тармақтары;

3) актіні қабылдау орны: Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қ., Мәңгілік Ел-8 даңғылы, Министрліктер Үйі, 7-кіреберіс. Ресми түсіндіру актісін қабылдау күні: 2020 жылғы 8 мамыр;

4) Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 мамырдағы № 27/4544 өтініші.

  1. Ресми түсіндіру актісінің сипаттама бөлігі:

Сұрақтар бойынша түсініктеме сұралды:

1) Мемлекеттік әріптестің кінәсінен мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда бұзу (алынбаған табысты өтеу) үшін өтемақы және өзге де төлемдерді төлеу;

2) еңсерілмес күш мән-жайлары себебінен МЖӘ шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда бұзу (алынбаған табысты өтеу) үшін өтемақы және өзге де төлемдерді төлеу мәселесі бойынша.

  1. Ресми түсіндіру актісінің қарар бөлігі:

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының            60-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі келесіні түсіндіреді:

 

1 сұрақ бойынша. Мемлекеттік әріптес № 725 Бұйрықтың 171-17-тармағына сәйкес МЖӘ шартын жасасқан кезде мақсаты шартқа қол қою кезінде көзделген шарттың барлық жоспарланған мерзімі үшін Шартты бұзуға байланысты алынбаған пайданы (жіберіп алған пайданы) өтеу болып табылатын жекеше әріптестің шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы (шартты бұзғаны үшін төлем) алу құқығын көздеуге құқылы ма?

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес МЖӘ шартында МЖӘ шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда тараптардың шығыстарын өтеу тәртібі қамтылуға тиіс.

Қағидаларының 171-17-тармағына сәйкес мемлекеттік әріптестің кінәсінен МЖӘ шартында келісілген мерзім ішінде МЖӘ шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда ( бұзылған күннен бастап күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күннен аспайтын мерзімде) мемлекеттік әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызу үшін шотқа мемлекеттік әріптес төлеген төлемдерді шегере отырып, МЖӘ объектісін салуға/реконструкциялауға/жаңғыртуға/құруға байланысты жұмсалған және дәлелденген күрделі шығыстардың жиынтық мөлшеріне тең келетін соманы төлейді. Мерзімінен бұрын тоқтату үшін төлем МЖӘ шартында көзделген өзге де төлемдерді де қамтуы мүмкін.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік әріптес МЖӘ шартының жобасында жекеше әріптестің МЖӘ шартын мерзімінен бұрын тоқтатқаны үшін өзге де төлемдерді (өтемақыларды) алу құқығын көздеуге құқылы екендігін түсіндіреді.

 

2 сұрақ бойынша. Орны толмас күш жағдайларының салдарынан немесе келісім шарт тараптарының әрекеттеріне қатысты емес басқа себептермен келісім шарт бұзылған жағдайда, келісім шарттың бұзылуына байланысты пайданың болмауынан (жоғалған пайда) төлемдер жасауды көздейтін (келісім шарттың әрекет ету мерзімінде) МЖӘ шартын түзу кезінде келісім шарттың мерзімінен бұзылғаны үшін жеке әріптестің төлемдер алуына құқық беруді қарастыруына мемлекеттік әріптес құқылы ма?

Қағидаларының 171-20-тармағына сәйкес МЖӘ шартында айтылған мерзім ішінде форс-мажорлық жағдайлар бойынша, МЖӘ шарты тоқтатылған жағдайда (бұзылған күннен бастап күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күннен аспайтын мерзімде) мемлекеттік әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызу үшін шотқа мемлекеттік әріптес төлеген төлемдерді шегере отырып, МЖӘ объектісін салуға/реконструкциялауға/жаңғыртуға/құруға байланысты барлық жұмсалған және дәлелденген күрделі шығыстардың 100% дейінгі жиынтық мөлшеріне тең келетін соманы төлейді. Бұл ретте төлемдер сомасы бастапқыда МЖӘ шартында көзделген инвестициялық шығындардың өтемақы сомасынан аспауға тиіс. Мерзімінен бұрын тоқтатуға арналған төлем МЖӘ шартында көзделген инвестициялық шығындардың өтемақы сомасынан аспауға тиіс.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік әріптес МЖӘ шартының жобасында еңсерілмейтін күш мән-жайлары себебінен бұзылған жағдайда МЖӘ шартын мерзімінен бұрын тоқтатқаны үшін жекеше әріптестің өзге де төлемдер (өтемақылар) алу құқығын көздеуге құқылы екендігін түсіндіреді.

 

3 сұрақ бойынша. Қағидалардың 171-20-тармағының екінші және үшінші сөйлемі төлемдердің жалпы сомасы (инвестициялық шығындарды өтеуден басқа өзге төлемдерді қоса алғанда) МЖӘ шартында бастапқыда көзделген инвестициялық шығындарды өтеу сомасынан аспауы тиіс екендігін білдіреді ма?

Қағидаларының 171-20-тармағына сәйкес МЖӘ шартында айтылған мерзім ішінде форс-мажорлық жағдайлар бойынша, МЖӘ шарты тоқтатылған жағдайда (бұзылған күннен бастап күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күннен аспайтын мерзімде) мемлекеттік әріптесинвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызу үшін шотқа мемлекеттік әріптес төлеген төлемдерді шегере отырып, МЖӘ объектісін салуға/реконструкциялауға/жаңғыртуға/құруға байланысты барлық жұмсалған және дәлелденген күрделі шығыстардың 100% дейінгіжиынтық мөлшеріне тең келетін соманы төлейді. Бұл ретте төлемдер сомасы бастапқыда МЖӘ шартында көзделген инвестициялық шығындардың өтемақы сомасынан аспауға тиіс. Мерзімінен бұрын тоқтатуға арналған төлем МЖӘ шартында көзделген инвестициялық шығындардың өтемақы сомасынан аспауға тиіс.

Осылайша, Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік әріптес төлеген төлемдерді алып тастағанда, МЖӘ объектісін салуға/ қайта жаңартуға/ құруға/ жаңғыртуға байланысты төлемдер сомасы МЖӘ шартында бастапқыда көзделген инвестициялық шығындарды өтеу сомасынан аспауы тиіс екендігін түсіндіреді.

МЖӘ шартында мерзімінен бұрын тоқтатқаны үшін ақы көзделген жағдайда, МЖӘ объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және МЖӘ субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалған МЖӘ объектісін салуға/ реконструкциялауға/ құруға/ жаңғыртуға байланысты келтірілген және дәлелденген күрделі шығыстарды өтеу мүмкін. Бұл ретте төлемдер сомасы МЖӘ шартында бастапқыда көзделген инвестициялық шығындарды өтеу сомасынан аспауы тиіс.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік әріптес МЖӘ шартының жобасында еңсерілмейтін күш мән-жайлары себебінен бұзылған жағдайда МЖӘ шартын мерзімінен бұрын тоқтатқаны үшін жекеше әріптестің өзге де төлемдер (өтемақылар) алу құқығын көздеуге құқылы екендігін түсіндіреді.

 

 

Министр                                                       Р. Дәленов

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің нормативтік құқықтық актісін ресми түсіндіру актісі
Дата публикации
08 мая 2020