Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақшамен толықтырылсын:
«4-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының резервіне:
1) төтенше резерв;
2) шұғыл шығындарға арналған резерв кіреді.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі екі пайыздан аспауға тиіс, тиісті бюджет түсімдері көлемінің он пайызынан аспауға тиіс аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының резервін қоспағанда.».
2) 45-бапта:
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемін өзгертуге жол берілмейді.»;
9-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.»;
9-1-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілеу үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамын жыл сайын жылжымалы негізде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды.».
3) 52-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығы;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелері бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;»;
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.»;
4) 52-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1), 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығы;»;
«4-2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы жер учаскелері бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы және облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы жер учаскелері бойынша жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы болып табылады.»;
5) 56-1-бапта:
1-тармақтың 19) тармақшасындағы «трансферттер.» деген сөз «трансферттер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.».
6) 75-бапта:
2-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қол қойылған күннен бастап қаржы жылының соңына дейін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін жекелеген шешімдермен бекітуге жол беріледі.».
1) 111-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін түзету аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражатты қайта бөлген жағдайда бюджет жобасын жергілікті қоғамдастық жиналысы міндетті қарағаннан және келіскеннен кейін:
бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражатын игермеген және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз орындаған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында жүзеге асырылады.».
8) 130-баптың 2-тармағында:
екінші абзацтағы «әкімдік уәкілеттік берген адамдардың» деген сөздер «әкімнің не оны алмастыратын адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «әкімдік уәкілеттік берген адамның» деген сөздер «әкімнің не оны алмастыратын адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 132-баптың 2-тармағында:
екінші абзацтағы «әкімдік уәкілеттік берген адамның» деген сөздер «әкімнің не оны алмастыратын адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «әкімдік уәкілеттік берген адамның» деген сөздер «әкімнің не оны алмастыратын адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;».
1) 2-бапта:
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Екі және одан да көп елді мекенді қамтитын, халқының жалпы саны кемінде 500 адам болатын өңір ауылдық округ болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы қаланың немесе ауылдың құрамына енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халқының жалпы саны 300 мың адамнан аспайтын аудандық маңызы бар қалалардан, ауылдардан, кенттерден, ауылдық округтерден тұратын өңір аудан болып табылады.»;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады. Қаладағы аудандар халқының саны 400 мың адамнан асатын қалаларда құрылуы мүмкін. Қаладағы аудан халқының саны кемінде 200 мың адамды құрауға тиіс.»;
2) 3-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалалар мен басқа да елді мекендер мыналарға бөлінеді:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсiп орындары, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер жатады;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ауыл – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекен;»;
6) тармақша алып тасталсын;
3) 9-бапта:
5) тармақшадағы «жүзеге асырады.» деген сөздер «жүзеге асырады;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қаланы ауыл етіп қайта құру жөнінде шешім қабылдайды.»;
4) 10-бапта:
6) тармақшадағы «орындайды.» деген сөз «орындайды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Президентіне қаланы ауыл етіп қайта құру туралы ұсыным енгізеді.»;
5) 11-бапта:
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаланы ауыл етіп қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді.»;
6) мынадай мазмұндағы 14-2-баппен толықтырылсын:
«14-2-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің санатын өзгерту тәртібі
7) 16-баптың 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шешілетін мәселенің мәніне қатысты жергілікті қоғамдастық жиындарының хаттамалары;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«3-баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін ауылдық елді мекендер таратылған кезде ғылыми сараптама актісін ұсыну талап етілмейді.».
«8-1) Алматы қаласының аумағында мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап-арыз береді;».
1) мазмұнында:
15-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы».
2) 1-бапта 14) тармақша алып тасталсын;
3) 8-бапта:
1-тармақтағы «мәслихат сессиясының төрағасы,» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мәслихат хатшысын сайлайды және лауазымынан босатады және оның есептерiн тыңдайды;».
4) 10-баптың 2-тармағында:
«мәслихат сессиясының төрағасы» деген сөздер «мәслихат хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-баптың 2-тармағында:
«мәслихат сессиясының төрағасы» деген сөздер «мәслихат хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын.
6, 7-тармақтарда:
«Мәслихат сессиясы төрағасының» деген сөздер «Мәслихат хатшысының» деген сөздермен ауыстырылсын.
6) 12-бап мынадай мазмұндағы 4, 5, 6-тармақшалармен толықтырылсын:
«4. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.
7) 14-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «мәслихат сессиясының төрағасына,» деген сөздер алып тасталсын;
8) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасын мәслихат сессияда депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды және лауазымынан босатады.
Егер комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың даусы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына кандидатураларды тиісті мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
1) тұрақты комиссияның отырысын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және комиссия отырысында қабылданған қаулыларға, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарына олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды комиссия қызметінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;
3) тұрақты комиссияның атына келіп түскен депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
4) мәслихаттың тиісті комиссиясы қаулыларының жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;
5) мәслихат шешімі бойынша өзге де функцияларды орындайды.
Тұрақты негізде жұмыс істейтін тұрақты комиссиялар төрағаларының санын мәслихат айқындайды, бірақ екі бірліктен аспайды.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы мәслихаттың өкілеттігі мерзіміне сайланады және қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
9) 18-бап алып тасталсын.
10) 19-бапта:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;»;
3-тармақтың 11) тармақшасындағы «орындайды.» деген сөз «орындайды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
13) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың даусы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат хатшысы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.».
11) 21-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «мәслихат сессиясының төрағасы,» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жергілікті қоғамдастық жиналыстарына қатысуға;»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) мәслихат сессиясында азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерін жария етуге;
11) мәслихаттардың құрылатын тұрақты және уақытша комиссияларының құрамына кандидатураларды, оның ішінде өзінің жеке кандидатурасын ұсынуға;
12) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша өз пікірін білдіруге;
13) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ мәслихат сессиясы мен отырысқа төрағалық етушіге сұрақтар қоюға;
14) сессияның күн тәртібі және өзі құрамына сайланған комиссия отырысы бойынша, сондай-ақ олар талқылайтын мәселелерді қарау және олардың мәні бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге;
15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың ҚР заңдары мен заңға тәуелді актілерін орындауын тексеру қажеттілігі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізуге;
16) мәслихат қабылдайтын актілердің жобаларына түзетулер енгізуге;
17) тиісті мәслихат құрған, сайлаған немесе бекіткен органдардың құрамына, сондай-ақ мәслихат сайлаған немесе бекіткен лауазымды адамдарға сенім білдіру туралы мәселе көтеруге;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.»;
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «міндетті.» деген сөз «міндетті;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6), 2-1 тармақшалармен толықтырылсын:
«5) сайлаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық пікірді, азаматтардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың мұқтаждары мен сұрауларын зерделеуге, олар туралы мәслихат пен оның органдарына хабарлауға, оларды қанағаттандыру үшін ұсыныстар енгізуге және өзге де шаралар қолдануға;
6) мәслихат хатшысына не өзі мүше болып табылатын тұрақты комиссияның төрағасына отырысқа келе алмайтыны туралы алдын ала хабарлауға міндетті.
2-1. Депутаттың отырыстарда дәлелсіз себептермен үш реттен артық болмауы депутатқа осы заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.»;
2-тармақтың 2-1-тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат хатшылары және тұрақты жұмыс істейтін комиссиялардың төрағалары отырыстарда дәлелсіз себептермен үш реттен артық болмаған жағдайда, жазалау шараларынан басқа, болмаған күндері үшін жалақы төлеуден бас тартылады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мәслихат депутаты азаматтар құқықтарының бұзылуы немесе заңдылықтың өзге де бұзылуы анықталған кезде бұзушылықты тоқтатуды талап етуге, ал қажет болған жағдайда тиісті органдарға және лауазымды адамдарға бұзушылықтың жолын кесу талабымен жүгінуге құқылы.
Депутаттың тиісті бюджет қаражаты есебінен даярлануға, қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға құқығы бар.»;
12) 21-1-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Депутаттық сауалға берілетін жауапқа сауал жіберілген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қоюға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.».
13) 22-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары, оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.».
14) 27-бапта:
1-тармақтың 33-1) тармақшасында «, астананың, Шымкент қаласының» деген сөздер алып тасталсын;
15) 31-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
«31) Облыстық маңызы бар қалалық әкімдік сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жасыл екпелердi күтiп-баптау және қорғау үлгілік қағидалары негізінде әзірленген жасыл екпелердi күтiп-баптау және қорғау қағидаларын әзiрлейдi және мәслихатқа бекiтуге ұсынады.».
16) 33-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мынадай лауазымды адамдарды:
шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;»;
17) 35-баптың 1-3-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) өз құзыреті шегінде елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.».
18) 38-1-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1-тармақшамен толықтырылсын:
«4-1. Әкім аппараты халқының саны кемінде 500 адам болатын ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде құрылады.
Халқының саны кемінде 250 адам болатын:
стратегиялық маңызы бар және мемлекеттік шекарадан 25 километрге дейінгі қашықтықта орналасқан;
50 километр радиуста тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басқа елді мекені болмаған жағдайда ауылдарда әкімнің аппаратын құруға жол беріледі;
ауыл басқа көрші ауданның елді мекеніне жақын орналасқан жағдайда оны осы ауданның құрамына қосу және аудандардың шекараларын өзгерту қажет.».
19) 39-3-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысының жиырма бес адамға дейінгі мөлшердегі құрамын айқындау;».
6-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын және мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ауыл, көше, шағын аудан, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуге жол беріледі.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін учаскелерге (шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді. Ауыл, көше, шағын аудан, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын өкіл сайланады.».
39-3-баптың 9-тармағында мынадай сөздер алып тасталсын:
«9. Жергілікті қоғамдастық жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда жергілікті қоғамдастық жиынына ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында сайланған өкілдердің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде ол өтті деп есептеледі.».
«5) астананың жасыл екпелерін күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бекітеді.»;
2) 9-бапта:
27) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;»;
43) тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«43) астананың жасыл екпелерін күтіп ұстау және қорғау қағидаларын әзірлейді.».
1) мазмұнында:
17-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) өкілді және атқарушы органдарының және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің құзыреті».
1-тармақтың 2) тармақшасы «басшыларының» деген сөзден кейін «және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің» деген сөздермен толықтырылсын.
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3) Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері өз құзыреті шегінде:
1) сәйкесті аумақта жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;».
1) 39-баптың 3-тармағында:
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) егер біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, егер біртекті жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін біртекті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;».
1) 44-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «актілерге қолданылмайды.» деген сөздер «актілерге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту және нақтылау туралы мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдеріне қолданылмайды.».
1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағы 42) тармақшасының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:».
2-бап. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 8) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті