«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

 

        Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж. № 72-73-74, 551-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді заңды тұлғалары және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281, 282, 283, 284, 285, 286, 287, 288, 289, 290, 291, 292, 293, 294, 295, 296, 297, 298, 299, 300, 301, 302, 303, 304, 305 және
306-жолдармен толықтырылсын:

«

275

Басқа да дайын металл бұйымдар өндіру

25900

 

276

Өндірістік мақсаттағы теле және радиоаппаратураны өндіру

26301

277

Кабельдік телефон және телеграф байланысына арналған аппаратураны өндіру

26302

278

Электрондық тұрмыстық техниканы өндіру

26400

279

Механикалық шамаларды өлшеуге арналған аспаптарды өндіру

26511

280

Электр өлшеу аспаптарын өндіру

26512

281

Радио өлшеу аспаптарын өндіру

26513

282

Физикалық зерттеулерге арналған аспаптарды өндіру

26515

283

Электрлік дабыл жабдықтарын өндіру

27903

284

Лифттерді өндіру

28224

285

Басқа да көтергіш-тасымалдау жабдықтарын өндіру

28299

 

286

Ауа баптағыштарды, желдеткіштерді өндіру

28252

287

Сүзуге және тазалауға арналған жабдықтарды өндіру

28292

288

Ауыл шаруашылығы машиналарын өндіру

28302

289

Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамды өндіру

30200

290

Металл цистерналарды, резервуарларды және контейнерлерді жөндеу

33111

291

Орталық жылыту қазандықтарынан басқа, бу қазандықтарын жөндеу

33113

292

Басқа да металл бұйымдарды жөндеу

33119

293

Механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33121

294

Жалпы мақсаттағы басқа да жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33122

295

Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33123

296

Арнайы мақсаттағы басқа да машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33125

297

Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33131

298

Электр қозғалтқыштарды, генераторларды және трансформаторларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33141

299

Электр тарату және реттеу аппаратураларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33142

300

Электр жарықтандыру жабдығын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33143

301

Басқа топтамаларға кірмеген өзге де электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33149

302

Кемелерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

33151

303

Теміржолдардың жылжымалы құрамын жөндеу

33171

304

Басқа да құрылыс-монтаждау жұмыстары

43290

305

Ұсталық және балташылық жұмыстары

43320

306

Сырлау және шыны салу жұмыстары

43340

                                                                                                                                     ».

 

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                 А. Мамин

«Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
14 апреля 2020