«Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы
15 наурыздағы № 104 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16770 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы
25 сәуірде электрондық түрде жарияланған);
2) «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы
31мамырдағы № 200 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17092 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы
22 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |