«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы №1300 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№1300 қаулысына
өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң Регламентiнде:

8-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің атына жіберілетін бастамалар болған кезде орталық атқарушы органдар оларды Кеңсенің қарауына енгізуді қамтамасыз етеді.»;

15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына бастамашылық тәртіппен жіберілетін хат-хабарды мемлекеттік органдар мынадай жағдайларда енгізеді:

1) егер мәселені шешу Қазақстан Республикасының Президентімен келісуді талап етсе;

2) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне енсе, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді;

3) орталық атқарушы органдардың арасында тұжырымдамалық сипаттағы (бірінші басшылар орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасын, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келіспеушіліктерді жою жөніндегі хаттаманы қоса бере отырып) және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде;

4) егер мәселені шешу мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді талап етсе.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы №1300 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
23 апреля 2020