Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
- 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат;
2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат;
№ 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16,
129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2,
16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжат; № 8,
64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24,
125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9,
51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81,
82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж.,
№ 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8,
44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар;
№ 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат;
№ 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат, № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат;
20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар;
№ 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат;
№ 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат;
2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109- құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39 құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50- құжаттар; № 16, 55- құжат; № 19, 62- құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат):
1) мазмұнында:
65-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері»;
мынадай мазмұндағы 70-1 және 89-1-баптардың тақырыбымен толықтырылсын:
«70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған Резерв»;
«89-1-бап. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттары»;
92- баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері мен Жәбірленушілерге өтемақы қоры арасында бөлу»;
мынадай мазмұндағы 116-1 және 117-1-баптардың тақырыбымен толықтырылсын:
«116-1-бап. Шоттардың бірыңғай жоспары»;
«117-1-бап. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік»;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толыктырылсын:
«3-1. Салалық заңдарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген бюджеттік процестің басқа тәртібін көздейтің пилоттық жобаларды іске асыруды (енгізуді) орталық мемлекеттік органдар құқылы.»;
3) 3-баптың 1-тармағында 30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) инвестициялық ұсыныс-мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, оған қол жеткізу жолдарын және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда , қаржыландырудың ықтимал тәсілдерін көрсететін тұжырымдамалық ұсыныс;»;
4) 4-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) уақтылық принципі - республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсімдерді есепке алу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Үкіметтің, Жәбірленушілерге өтемақы қорының шоттарына аудару, Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсімдерді есепке алу және бөлу, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес төлемдер жүргізу және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, бюджет қаражатын алушылардың шоттарына аудару;»;
5) 5-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-тармақта аталған ережелер жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешімдеріне, сондай-ақ оларды іске асыру туралы нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.»;
6-тармақ алып тасталсын;
6) 19-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлем шегінде, тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.»;
7) 20-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кезектi қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте олардың бюджеттерiн кредиттеу үшiн резерв көзделедi.
Кезекті қаржы жылында аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда кезектi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте олардың бюджеттерін кредиттеу үшiн резерв көзделедi.
Кезекті қаржы жылында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезектi қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте олардың бюджеттерін кредиттеу үшiн резерв көзделедi.
Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қарыз алу қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін және республикалық немесе жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді.»;
8) 21-баптың 7-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және таза активтер туралы есепті жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері бойынша есепті жасауды сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.»;
9) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толыктырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт мұнайдың есептік бағасы кезінде мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжанатын түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде жоспарланады.
Мұнайдың есептік бағасын айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды.
Мұнайдың есептік бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тиісті жоспарлы кезеңге арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңмен белгіленеді.»;
10) 32-бапта:
2-тармақта:
екінші бөлігі алынып тасталсын;
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша олардың қаржыландыру көлемі және нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде қайта бекітіледі.»;
4-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімінсіз немесе осы Кодекстің 85-бабы 9- тармағының екінші бөлігінде, 9-1, 9-3-тармақтарында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырудың жылдық көлемін өзгертпестен өзгерістер енгізіледі.»;
11) 33-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Стратегиялық жоспардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, бюджеттік кредиттер, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру жөніндегі шығындар көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.»;
12) 39-2-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған аудиторлық қорытындыға сәйкес үш ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға емес жұмсалған нысаналы аудару шеңберіндегі шығыстар сомасы республикалық бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.»;
13) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы органдар осы Кодекстің 46- бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төмен тұрған бюджеттер кірістерінің шығындарын өтеуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді қоспағанда, тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес ғана пайдаланады.
Осы Кодекстің 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес төмен тұрған бюджеттер кірістерінің шығындарын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттердің түсімдерінде ғана көрсетіледі.»;
14) 45-баптың 4-2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2. Бюджеттің атқарылуы барысында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары шығыстардың жекелеген бағыттарын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең аз көлемін айқындаған тиісті саланың (аяның) уәкілетті органымен келісім бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең аз көлемі белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаражатты шығыстардың басқа бағыттарына қайта бөлуге құқылы.»;
15) 49-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша сыйақылар және бірыңғай қазынашылық шоттағы күн сайынғы ақша қалдығына есептелген сыйақылар республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.»;
16) 57-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджет комиссиясы бюджет жобасын уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және бюджетті нақтылау, түзету және атқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылады.
2. Республикалық бюджет комиссиясы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың , астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) бюджет комиссиялары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ведомстволық бюджет комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.»;
келесі мазмұндағы 6 тармақпен толықтырылсын:
«6. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары ведомстволық бюджет комиссияларын құрады, олар туралы ережені бекітеді, олардың құрамын айқындайды.»;
17) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«58-бап. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті
- Республикалық бюджет комиссиясының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың , астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың ) бюджет комиссияларының құзыретіне:
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының басым мақсаттары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) бюджет жобаларының көрсеткіштерін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
5) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) бюджеттерді нақтылау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
7) бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
8) бюджеттерді түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу;
9) осы Кодексте, сондай-ақ бюджеттік комиссиялар туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер.
- Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ведомстволық бюджет комиссиясының құзыретіне:
1) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасы немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімі және оған есеп айырысулар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) Бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) осы Кодексте, сондай-ақ ведомстволық бюджет комиссиясы туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
18) 61-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлермен өзара байланыста стратегиялық мақсаттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін, мемлекеттің бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясатының мақсаттары мен басымдықтарын айқындайтын құжат болып табылады.»;
1-1- тармақтың:
бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың, оның ішінде салық-бюджет саясатының мақсаттары мен басымдықтарын;»;
төртінші абзац алып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«болжамның жалпы сипаттамасы бар бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы;»;
2) тармақшада:
екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары мен басымдықтары;
болжамның жалпы сипаттамасы бар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы;»;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының параметрлерін ескере отырып әзірленеді.»;
19) 61-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен белгіленген мерзімдерде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.»;
20) 62- бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi немесе республикалық бюджетті нақтылау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бекітілген күннен бастап күшіне кіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.»;
5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ағымдағы қаржы жылының үшінші тоқсанынан кешіктірмей республикалық бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарының бюджеттік қаражаттың болжамды игерілмеуіне байланысты төмендетілуін көздейтін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсатты индикаторларының мәндері өзгертілмейді.»;
21) 65-1- бап мынадай редакцияда жазылсын:
«65-1-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері
- Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.
- Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері республикалық бюджет комиссиясының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына ұсыныстары, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау ескеріле отырып, стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының негізінде айқындалады.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері Мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау негізінде айқындалады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері аумақтарды дамыту Бағдарламалары және Мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер негізінде айқындалады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимитінің құрамында бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимитін айқындайды.
Шығыстар лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып айқындалады.
Тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған лимиттер ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізіледі.
- Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
22) 66-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін:
ағымдағы қаржы жылының 15 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ведомстволық бюджет комиссиясының бекітілген стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары;
стратегиялық жоспарлар жобаларының мақсаттары мен индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттіліктерді есептеу;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
- Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады, олар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына толық көлемде бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.»;
23) 67-бапта:
1, 1-1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, мемлекеттік мекемелер жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.
1-1. Бюджеттік өтінім бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары лимиттерінің негізінде және шегінде жасалады.»;
«3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамалар шығыстарын жоспарлау қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, өткен жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады.»;
6 тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 65-1-бабы 2-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес лимиттері айқындалған ағымдағы әкімшілік шығыстарын және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша базалық шығыстарынқоспағанда, мәлімделген қаржыландырудың бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалын сипаттай отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша іс- шаралар бойынша есеп-қисаптар;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе)ұлғайтуға мәлімделген шығыстардан экономикалық тиімділікті, бюджеттік субсидияларды бағалау.
Бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға мәлімделген шығыстардың экономикалық тиімділігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Бюджеттік субсидиялардың экономикалық тиімділігі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша орталық мемлекеттік органдар бекіткен тәртіппен айқындалады..»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар бойынша іс- шаралар бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.
Осы бағдарламалар бойынша іс- шаралар бойынша есеп-қисаптар тек қана үшінші жылға жасалады.»;
24) 68-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету, нысаналы индикаторларға қол жеткізу дәрежесі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері тұрғысынан қарайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 сәуірінен кешіктірмей республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жібереді.
Стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындының нысанын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері пысықтайды және осы Кодекстің 66-бабының 1-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін стратегиялық жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;
3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген материалдарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары мен республикалық бюджет комиссиясының стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
5- тармақтың екінші мен үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді;
стратегиялық жоспарлардың пысықталған жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.»;
25) 69- баптың 3- тармағы алып тасталсын;
26) мынадай мазмұндағы 70-1-баппен толықтырылсын:
«70-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв
- Қазақстан Республикасы Президентінің бастамашылығына арналған Резерв Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын қаржыландыру үшін жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналған республикалық бюджеттің құрамында қалыптастырылады.
- Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған Резерв кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының жоспарланған көлемінің екі процентіне дейінгі мөлшерде жоспарланады.
- Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған Резерв бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілік ететін жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді.
- Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резервті бөлу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
27) 71-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв мөлшері;»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі.
Жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша қосымшалар ақшалай мәндегі бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшерін қамтиды;»;
28) 72-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;»;
29) 73-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жеке қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;»;
30) 73-1- баптың 4- тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жеке қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған бюджеттің жобасы қоса беріледі.
Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;»;
31) 74-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығы туралы талдамалы есеп;»;
2), 2-1) және 3-2) тармақтары алып тасталсын;
4) тармақшасы мынадай мазмұндағы жазылсын:
«4) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашатын түсіндірме жазба.
Түсіндірме жазбаға сондай-ақ республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бірінші кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасына алдын ала қорытындының қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларының жобаларын есепке алу туралы ақпарат енгізіледі.
Түсіндірме жазбаға бюджеттік инвестициялардың, оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар бөлінісінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған тізбесі қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысының қолы қойылған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің құжаттары:
стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары;
бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға мәлімделген шығыстардың экономикалық тиімділігін бағалау, бюджеттік субсидиялар;
түсіндірме жазба:
ағымдағы жағдайдың, бар проблемалардың қысқаша сипаттамасы;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу жолдарын сипаттау, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу;
бюджеттік бағдарламалар мақсаттарының және бюджеттік бағдарламалардың жоспарланатын түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалардың атқарылу сипаттамасы және екі есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштері, сондай-ақ жоспарлы кезеңге арналған жоспарланатын бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражаты көлемінен ауытқуы туралы мәліметтер (себептері, салдары);
республикалық бюджет жобасында жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік кредиттер беруге бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің екі есепті қаржы жылындағы қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері туралы мәліметтер;
өткен қаржы жылдарында республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстарды көрсете отырып, жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген басталған (жалғасып жатқан) Бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат.»;
32) 75-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігінде:
2-1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашатын түсіндірме жазба;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысының қолы қойылған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің құжаттары:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары;
түсіндірме жазба:
есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;
ағымдағы жағдайдың, бар проблемалардың қысқаша сипаттамасы;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу жолдарын сипаттау, аумақтарды дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу;
бюджеттік бағдарламалар мақсаттарының және бюджеттік бағдарламалардың жоспарланатын түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы.»;
33) 85-баптың 9-3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер және кредиттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясында қарамастан, бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір бюджеттік даму кіші бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында;»;
34) 88 бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) бюджеттік ақшаны есептеу және оны мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау үшін пайдалану (бұдан әрі - қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоты);
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен берілген қарыз шарттарына сәйкес мемлекеттік кепілдемемен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды есептеу және ақша жұмсау арқылы;
15) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген Агент және қарыз алушылар арасында жасалатын мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге (бұдан әрі – ұлттық валютадағы қызмет көрсету шоты) сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес заемдарға қызмет көрсетуге және өтеуге арналған ақшаны қарыз алушылардың есептеуіне және жұмсауына.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті бюджеттердің, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер мен жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды айырбастау және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алынады.»;
35) 17-тарауды мынадай мазмұндағы 89-1-баппен толықтырылсын:
«89-1-бап. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттары
1. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың мынадай шоттары болуы мүмкін:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қарыз шарттарына сәйкес қарыз алушының мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың ақшасын есепке алуы және жұмсауы үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда валюта түрлері бойынша ашылатын мемлекет кепілдік берген қарыз шоты;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес заемдарға қызмет көрсету және өтеу жөніндегі операцияларды қарыз алушылардың жүргізуі үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген агент пен Қарыз алушы арасында жасалатын мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерге сәйкес валюта түрлері бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылатын шетел валютасындағы қызмет көрсету шоты.
2. Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың шоттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашу, жүргізу және жабу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
36) 90-баптың 2- тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді;»;
37) 91- баптың 2- тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекемелердің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдағы шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау және есепке жатқызу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
38) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«92-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу
1. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.
2. Түсімдерді бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының Жәбірленушілерге өтемақы қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арасында бөлу кестесі, облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленетін кірістерді облыстық бюджет пен оның аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында бөлу нормативтері, сондай-ақ мұнай секторы ұйымдарының тізбесі негізінде жүзеге асырылады.»;
39) 93- бап мынадай редакцияда жазылсын:
«93-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті тарту
«1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген тәртіппен:
1) республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжам және республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдықтары негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген оның көлемі шеңберінде кепілдік берілген трансферттің қажетті сомасын айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті аудару туралы тиісті өтінімді жібереді.
2. Есепті қаржы жылының қорытындылары бойынша кепілдік берілген трансферт пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған жағдайда, кезекті қаржы жылындағы кепілдік берілген трансферт сомасы осы сомаға азайтылады.»;
40) 96- баптың 6- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін шетел валютасында тіркеу үшін шарт сомасы шетел валютасында келтіріледі, тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тіркеу күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша жүргізіледі.»;
41) 97- бапта:
1, 2, 3- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер бойынша төлемдерi төлеуге берiлетiн шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыларды, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларын тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлемдерi Қазақстан Республикасының төлем жүйелері туралы заңнамасында белгiленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталын ұлғайтуға қаражат көзделген мемлекеттiк мекеменiң төлеуге берiлетiн шоты және квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң төлем тапсырмасы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi үшiн ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға негiз болып табылатын құжаттарды бiлдiредi.
3. Мемлекеттiк мекемелердiң төлемдерi мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттiк мекемелердiң шоттарындағы қалдықтар шегiнде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттар сомалары және шартты тiркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегiнде жүргiзiледi.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік субсидияларды аударуы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері айқындаған рәсімдерге сәйкес ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде бюджеттік субсидияларды түпкілікті алушыларға жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларына аударуы төлемнің қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттың өзге де түрінің негізінде, оларда ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет туралы заңда не жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнде, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторлары тиiстi қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға қаражат көзделген квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлемдерi мен ақша аударымдары квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарындағы және қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарындағы қалдықтар шегiнде жүргiзiледi.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының шоттарындағы ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға (толтыруға) бөлінген және есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.
Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы Бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде пайда болған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті органының шешімі бойынша бюджетке қайтарылуы мүмкін.
Егер квазимемлекеттік сектор субъектісі алдыңғы бюджеттік инвестициялардың қорытындылары бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу қаражатын пайдаланбаған және (немесе) үнемдеу қаражатын бюджетке қайтармаған жағдайда, жаңа мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу сомасын ескере отырып жүзеге асырылады.
келесі мазмұндағы 3-2 тармақпен толықтырылсын:
«3-2 Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың төлемдері мен ақша аударымдары мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарындағы және қызмет көрсету шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.»;
5-1- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторларының төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол:»;
6-1- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі, объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаны іске асыратын бас мердігер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар және қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторы, және қосалқы мердігер:»;
42) 99-баптың 1 және 3- тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылартөлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасының резиденті еместердің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы бойынша айырбасталатын күнгі валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүзеге асырылады.»;
«3. Мемлекеттік мекеме, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушыайырбастау, қайта айырбастау жөніндегі операцияларды ресімдеу кезінде деректемелердің дұрыстығын және төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асырудың негізділігін қамтамасыз етеді.»;
43) 104-баптың 4-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) аяқталу мерзімі осы Кодекстің 157-бабының 1, 1-1 және 2-тармақтарында және 159-бабының 1-1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңіне сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыруға;»;
- 107-баптың 1-1 және 1-2- тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті нақтылау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажеттілігі;
2) осы Кодекстің 10- бабының 4-тармағында, 20- бабының 5-тармағында, 106- бабы 2- тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
1-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша республикалық бюджетті нақтылау ағымдағы қаржы жылы ішінде бір рет жүзеге асырылады:
1) республикалық бюджет түсімдерінің ағымдағы қаржы жылында олардың жылдық бекітілген көлемінің он пайызынан астам сомасына төмендеуі немесе ұлғаюы;
2) ағымдағы қаржы жылында олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан астам сомаға республикалық бюджет шығыстарының күтілетін игерілмеуіне жол берілмейді.»;
45) 111-баптың 2-тармағының 3-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде, қарыздардың, гранттардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражат республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлінген;»;
46) 112-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингінің, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау көрсету шеңберінде алынған бюджет қаражатын пайдалану нәтижелері туралы есептер береді.»;
47) 113- бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
48) 22-тарауды мынадай мазмұндағы 116-1-баппен толықтырылсын:
«116-1- бап. Шоттардың бірыңғай жоспары
- Шоттардың бірыңғай жоспары мемлекеттік, экономикалық және қаржылық қызметті қамтуды көздейтін бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, бірыңғай бюджеттік сыныптама шоттарын кодификациялау болып табылады.
- Шоттардың бірыңғай жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»;
49) мынадай мазмұндағы 117-1-баппен толықтырылсын:
«117-1-бап. Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілік
1. Бухгалтерлік есеп деректеріне негізделген мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берешек жай-күйінің мониторингі үшін есептердің мынадай түрлері жасалады:
дебиторлық берешек туралы есеп;
кредиторлық берешек туралы есеп;
ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есеп.
2. Дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есептер және ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есеп тоқсан сайын және қаржылық есептілік құрамында жасалады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген есептілікті жасау мен табыс ету тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.»;
50) 124-бапта:
1- тармағында:
1) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры бойынша түсімдер мен сомалардың жұмсалуы туралы есеп;»;
төртінші және бесінші абзацтар алынып тасталсын;
2) тармақшадағы бесінші және алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
3) тармақшадағы сегізінші және тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын;
51) 127-бапта:
2- тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру және есепті қаржы жылындағы нәтижелерді бағалау туралы есептер негізінде түсімдер бойынша, шығыстар бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті ұсынады.
Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есеп бюджет қаражатымен және бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерімен өзара байланыста мақсаттардың іске асырылуы және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпаратты қамтиды.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша талдамалық ақпарат нәтижелер көрсеткіштерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
Республикалық бюджеттің шығыстары жөніндегі талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде жасалады;»;
3- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Түсіндірме жазба Республиканың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған елдегі экономикалық жағдай және салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.»;
52) 128- баптың 2-1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер бойынша баяндамаларын тыңдайды.»;
53) 129-бапта:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.»;
2- тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала , астана бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг, нәтижелерді бағалау, облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру туралы негізінде жергілікті.»;
54) 131-бапта:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей жылдық есепті қаржы жылындағы аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттің атқарылуы туралы есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсынады.»;
2- тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жүргізілген бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау, ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру туралы негізінде түсімдер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есеп;»;
55) 133-баптың 4-тармағың мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері бойынша жылдық есепке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы қол қояды.»;
56) 151-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді іске асыру шеңберінде, заң және заң актілерінің нормаларын орындау, инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға берілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру орындылығы туралы қорытындының негізінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толыктырылсын:
«Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін мемлекеттік органдардың мемлекеттік инвестициялық жобаларын жоспарлау жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға қорытынды негізінде заңдар мен заңнамалық актілердің және (немесе) олар әзірлеген даму жоспарларының нормаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толыктырылсын:
«15. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау мен іске асыру тәртібін мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындайды.»;
57) 153-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Техникалық күрделі емес болып табылатын, құрылысы үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолданылатын жобалар бойынша болжанатын жобаларды жоспарлау тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанатын жобаларды қоспағанда, ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.»;
58) 156-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толыктырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессиялар шарттары шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді өзгерту үшін тиісті бюджет комиссиясының осындай міндеттемелерді қабылдау туралы оң шешімі негіз болып табылады.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессия шарттарының жобаларын сараптау.»;
59) 157-бап:
мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толыктырылсын:
«1-1. Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатынан қаржыландыру және республикалық бюджет қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру болжанатын жобаларды қоспағанда, Ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар инвестициялық ұсыныстарға және бекітілген техникалық тапсырмаларға сәйкес іске асырылады. техническими заданиями.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толыктырылсын:
«Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мониторингі жобалар аяқталғаннан кейін үш жыл ішінде жүргізілуге тиіс.»;
60) 161-баптың 1-1-тармағының бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін қамтитын концессия шарттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі оларды тіркегеннен кейін күшіне енеді.»;
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін қамтитын концессия шарттарын тіркеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
61) 162-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толыктырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессиялар шарттары шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жаңа мемлекеттік міндеттемелерді,оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау және (немесе) қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді өзгерту республикалық бюджет комиссиясының осындай міндеттемелерді қабылдау туралы оң шешімі негізінде жүзеге асырылады.»;
62) 163-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толыктырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессиялар шарттары шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жаңа мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау және (немесе) қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді өзгерту облыс мәслихатының осындай міндеттемелерді қабылдау туралы оң шешімі негізінде жүзеге асырылады.»;
63) 174-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік кредит беру субъектілерінің құқықтары мен міндеттері осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес кредиттік шарттарда және (немесе) тапсырма шартында айқындалады.»;
64) 178-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кредитор немесе қаржы агенттігі айқындаған қарыз алушы беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы түпкілікті қарыз алушы болып табылады.»;
65) 180-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) негізгі борышты төлеуді бастау күні.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік кредиттің негізгі талаптары кредитордың шешімімен белгіленеді.»;
66) 183-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасы ескеріле отырып, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс өтеу кестесіне сәйкес негізгі борышты бірінші жоспарлы өтеуге дейін есептелген сыйақы.»;
67) 193-баптың 3-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) толық немесе ішінара есептен шығару.»;
68) 199-баптың 3-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі борышты мониторинг жүргізу мен оларды бақылауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.»;
69) 202-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдардың заңды тұлғаларға қаржылық қолдау көрсету бойынша, олар қабылдайтын борыштық міндеттемелер бойынша үшінші тұлғалар үшін, кез келген түрде және кез келген нысанда міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді.»;
70) 203-баптың 3- тармағы алып тасталсын;
71) 206-бапта:
2- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыз шартын жасасу жолымен қарыздарды тарту, сондай-ақ қарыз қаражатын пайдалану бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздарды тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау, іске асыру, мониторинг және тиімділікті бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Мемлекеттік қарыздарды тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалауды республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган құрған шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2-2. Қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаны немесе институционалдық жобаны тиімсіз іске асырумен байланысты емес себептер бойынша қарыз қаражаты игерілмеген жағдайларды қоспағанда, қарыз шартында белгіленген мерзімде қарыз қаражатының игерілмегені үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бірінші басшысы немесе қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаны немесе институционалдық жобаны іске асыруға жауапты оның орынбасары.».
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу мен жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және таза активтер туралы есепті жасау тәртібін айқындайды.».
3. «Банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы , 1995 ж. , № 15-16, 106-құжат):
50-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы д-4) тармақшамен толықтырылсын:
«д-4) мемлекеттік аудитті жоспарлауға және жүргізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жүктеледі.»;
4. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., n 14, 119-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 10 шілдедегі №199-200):
43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына олар жоспарлаған және жүргізетін мемлекеттік аудит бойынша;».
5. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., 2006 г., № 14, ст.88; 2008 г., № 15-16, ст.64; № 21, ст.97; 2009 г., № 24, ст.133; 2010 г., № 7, ст.29; 2011 г., № 1, ст.2; № 20, ст.151; 2012 г., № 2, ст.11, 15; 2013 г., № 15, ст.76, 82; № 20, ст.113; 2014 г., № 11, ст.64; № 12, ст.82; № 19-I, 19-II, ст.96; 2015 г., № 20-IV, ст.113; № 20-VII, ст.117; 2016 г., № 7-II, ст.55; 2017 г., № 14, ст.51; № 20, ст.96; № 23-V, ст.113; 2018 г., № 15, ст.47.):
1) 9-баптың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«концессия шарттары жобаларының, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамалары;»;
2) 20-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиiстi конкурстық өтiнiмдердегі концессиялық өтiнiмдердi және концессиялар шарттарының жобалары, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, оларға сараптама жүргiзу үшiн жібереді.».
6. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында (ҚР Парламентінің Жаршысы 2015, № 20-VII, ст.116; 2016 г., № 7-II, ст.55; 2017 г., № 14, ст.51; № 20, ст.96; № 23-V, ст.113; № 24, ст.115; 2018 г., № 15, ст.47):
1) 20-баптың 4) мен 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасы конкурстық құжаттамасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;»;
«9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады;»;
2) 26-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларына, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;»;
3) 37-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын::
«4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы тиісті бюджет комиссиясының қорытындысы;»;
4) подпункт 1) пункта 2 статьи 49 изложить в следующей редакции:
«1) жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын елеулі бұзған кезде, оның ішінде белгіленген тәртіппен тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберінде тиісті бюджет комиссиясының оң шешімінсіз қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді ұлғайтуға әкеп соққан және егер бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын , оның ішінде концессиялық жобаны уақтылы және оң іске асыруға елеулі әсер етпеген жағдайда жекеше әріптестің іс-әрекеттерін қамтиды;».
7. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (ҚР Парламентінің Жаршысы 2015 ж., № 22-V, cт. 155):
45-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау жөніндегі келісу негізінде іске асыруға жоспарланатын ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітеді.».
8. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (ҚР Парламентінің Жаршысы 2017 ж., № 20, cт. 96):
1-баптың 1-тармағы 21) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен белгіленген мерзімдерде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.».
2- бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті