«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 53-құжат) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

        «1.  Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде өңірлермен бейнеконференцбайланысын, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляция ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қойылған мақсаттарды орындауы және қол жеткізген нәтижелері туралы хабардар етсін.

               Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы ұйымдар басшыларының жұртшылық өкілдерімен жыл сайынғы негізде                       қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындылары туралы үшінші тоқсан ішінде әлеуметтік желілер арқылы интернет-конференциялар өткізуі үшін шаралар қабылдасын.»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшамен толықтырылсын:

«3) ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларының халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуын қамтамасыз етсін.

4) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын ресми интернет-ресурстарда және «электрондық үкіметтің» веб-порталында, оның ішінде ашық деректердің интернет-порталында ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижелері мен тиімділігі туралы ақпаратты жарияласын.»

  1. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

          Қазақстан Республикасының

      Президенті                                                                    Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда,     2020 жылғы

             №

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
21 апреля 2020