Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы 2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті:
мынадай мазмұндағы 10-1-тараумен толықтырылсын:
«10-1-тарау. Жобалық басқаруды жүзеге асыру тәртібі
156-1. Мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінің өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастыру үшін жобалық басқару қағидаттарында үш деңгейден тұратын бірыңғай жобалық басқару жүйесі жұмыс істейді:
1) портфельдерді басқару – Үкімет деңгейінде;
2) бағдарламаларды басқару – орталық және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде;
3) жобаларды басқару – жобалық топ деңгейінде.
156-2. Мемлекеттік органдағы бағдарламалар мен жобалар деңгейіндегі жобалау қызметінің регламентін және жобалық басқарудың ұйымдық құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
156-3. Мемлекеттік органдар мен басқа да қатысушылардың бірлескен жобалық қызметі жалпы қабылданған қағидаттарға, стандарттарға,
Agile-әдістерін қоса алғанда, жобалық басқарудың әдістері мен құралдарына негізделеді.»;
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (2014 жылы., № 59-60, 555-бап, Қазақстан Республикасының ПҮАЖ):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы Ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) мемлекеттік органда бағдарламалар мен жобалар деңгейінде жобалық қызмет регламентін және жобалық басқарудың ұйымдық құрылымын әзірлеу және бекіту;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин