«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

ашық деректер тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13701 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесінде.

  1. Ішкі әкімшілік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген  іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                                   Р. Дәленов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі
Дата публикации
11 марта 2020