«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «24» желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 98-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді  ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Министр                                                     Р. Дәленов

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары
Дата публикации
04 февраля 2020