Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығына
толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Төтенше жағдай салдарынан еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде осы Қағидаларда көрсетілген талаптарды орындау мерзімі тоқтатыла тұрады және еңсерілмейтін күш жағдайлары тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін қайта басталады.
Төтенше жағдай күшінде болған кезеңде қажет болған жағдайда, бекіту органының шешімі негізінде ұйымның даму жоспарын нақтылау жүзеге асырылады және ұйымның атқарушы органының шешімімен даму жоспарына берілген қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштерінің есептемелеріне түзету жүргізіледі.
Бірыңғай оператор тізілім веб-порталында ұйымдардың нақтыланған жартыжылдық даму жоспарының көрсеткіштеріне және даму жоспарына берілген қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштерінің есептемелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |