Қазақстан Республикасының бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы

Қазақстан Республикасының бюджеттік процесінің қысқаша сипаттамасы

Бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi.

Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 26-бабының 2 тармағына сәйкес  жүзеге асырылады.

Кодекстің 60-бабына сәйкес бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

      2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;

      2-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;

      2-3) ұлттық жобалар;

      3) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары;

 3-1) бюджеттік бағдарламалар;

      4) операциялық жоспарлар.

Краткое описание бюджетного процесса Республики Казахстан
Дата публикации
05 января 2022