Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

 

Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

 

 

Премьер-Министр                                                                А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы «  »                         №    өкіміне

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

  1. «Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  2016 жылғы
    30 қаңтардағы № 9-ө өкімі.
  2. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 30-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
  3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 8-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
  4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 57-ө өкімінің 1-тармағы.
  5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар және «Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы
    Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 9-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы»Қазақтан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы
    12 қыркүйектегі № 170-ө өкімінің 3-тармағы.
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасына түсіндірме жазба
Дата публикации
14 апреля 2020