Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 4 – тармағына және «2020-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) бекітілсін.
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын, 20 қаңтардан кешіктірмей Экономика және қаржы департаментіне Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берсін.
- Экономика және қаржы департаменті:
1) осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізілсін;
2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшыға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Р. Дәленов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
______________Б. Шолпанқұлов