«Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы  

«Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы»
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы

 

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

  1. Қазақстан Республикасы президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
  • «Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеге:

15-тармақта:

Есеп комитетінің функциялары:

мынадай мазмұндағы 29), 30) тармақшалармен толықтырылсын:

«29) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингісін жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

30) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу.».

2) «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 64-65, 382-құжат):

         жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Рейтингті өткізудің ұйымдастырушысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болып табылады.

Ұйымдастырушыға мынадай функциялар жүктеледі:

1) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізудің әдістемесін (бұдан әрі – әдістеме) әзірлеу және бекіту;

2) сұрау қоюлар мен статистикалық деректер негізінде жыл сайын бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу;

3) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өткізілген өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу және Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарын өткізуге жәрдем көрсету;

4) дипломдарды, награда белгілерін дайындау мен ресімдеуді қамтамасыз ету;

5) жеңімпаздарды марапаттау салтанатына ақпараттық материалдарды дайындау;

6) үздік өңірлер мен қалалар тәжірибесін таратуға жәрдем көрсету.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия туралы ережеде:

3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) өткізілген рейтингінің нәтижелері бойынша ұсынатын материалдарды қарау, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды айқындау;»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) қосымша материалдарды қарау және балдардың жиынтық көлеміне түзету коэффициенттерін қолдану;»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген, Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамында:

мына:

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы».

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

                        Президентi                                                                       Қ. Тоқаев

 

«Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 және «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы  
Дата публикации
10 апреля 2020