Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
2020 жылға арналған операциялық
жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 49 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2020 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі – Операциялық жоспар) бекітілсін.
2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен комитеттерінің басшылары:
1) Операциялық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Министрліктің Операциялық жоспарының орындалуы туралы есептік ақпаратты Экономика және қаржы департаментіне (бұдан әрі – Департамент) ұсынсын.
3. Департамент тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Операциялық жоспардың орындалуы жөніндегі есептік ақпаратты Министрліктің жауапты хатшысына ұсынсын.
4. Департамент:
1) осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшы А. Жұмабеков