Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және
«
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы»
2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына
өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

Көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысында (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 24 қаңтарда жарияланған):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

74-тармақта:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:     

«Айналым қаражатының мөлшері айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредитті субсидиялауға жол беріледі:

  • қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кредит сомасының 50% - ынан аспайды;
  • кредит сомасының 100% құрайды.»;

төртінші бөлік алып тасталсын;

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Айналым қаражатын толықтыру мақсатына 100% қаржыландыру кезінде Тетік шеңберінде мынадай іріктеу өлшемдер белгіленеді:

өтінім беру кезінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

салық және өзге де міндетті төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу, кредиттерге, қарыздарға және лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу мақсаттарына қаржыландыруға жол берілмейді.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидаларында:

45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Айналым қаражатының мөлшері айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредитке кепілдік беруге жол беріледі:

1) қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кредит сомасының 50% - ынан аспайды;

2) кредит сомасының 100% құрайды.

Тетіктің шеңберінде жобалардың айналым қаражатын толықтыру мақсатына 100% қаржыландыру кезінде мынадай іріктеу өлшемдер белгіленеді:

өтінім беру кезінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

салық және өзге де міндетті төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу, кредиттерге, қарыздарға және лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу мақсаттарына қаржыландыруға жол берілмейді.».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                      А. Мамин

Басым жобаларға кредит беру тетігі
Дата публикации
08 апреля 2020